ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

АБАЙДЫҢ МҰРАСЫ АРҚЫЛЫ АДАЛДЫҚҚА БАУЛУ

20:38, 18 мамыр 2020

«Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол». Ұлы Абай шығармаларында еңбекке, адалдыққа, қанағатшылдыққа шақырады. Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ойшылдың мұрасын  негізге ала отырып, жастар үшін  онлайн түрде «Адалдық сағатын» өткізді.          

Ернияз Сұлтанов мемлекеттік қызметте 12 жыл қатарынан істеп келеді. Жұбайы  Рузана екеуі Саяжан мен Асылжан есімді қыздарының  тәрбиесіне көп мән береді. Сондықтан жастайынан қыздарына Абайдың шығармаларымен таныстыруда. Ел арна арнасынан өткен «Ұлы Абайдың мұрасы» атты республикалық адалдық сағатын отбасы бәрі бірге жиналып көрді.

ЕРНИЯЗ СҰЛТАНОВ, ОТАҒАСЫ:

- Балаларды тәрбиелеу кезінде Абайдың шығармаларын көбірек қолданамыз. Әр ата-ана өз баласының адал болуын, өмірде өз орнын тапқанын қалайды. 

Саяжан менАсылжан  Бескөл орта мектебінің 4 сынып оқушылары.  Аналары болса, сол мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ береді.  Жұмысына  адал,  беделді ата-анасы қыздарына үлгі. Олар да өскесін өз елінің иігілігі үшін еңбек етпек.

САЯЖАН СҰЛТАН, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

- Абай атамыз бізді еңбекке, адалдыққа, өтірік айтпауға үйретеді. Біз Абайдың шығармаларымен 1 сыныптан бері таныспыз.  Біздің әкеміз бізге оның шығармаларын оқып, көбірек таныстырып жатады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жолғы адалдық сағатын Абайдың 175 жылдығына арнап,  ойшыл- жазушының шығармалары арқылы мектеп оқушыларын игі қасиеттерге үйретуді жөн санады.       

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР  АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
17:17, 29 мамыр 2020
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар