ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

AGROSKILLS-2022 ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

20:36, 3 мамыр 2022

Есіл ауданы, Покровка ауылында «Аgroskills-2022» өңірлік чемпионаты өтті. Уорлд Скиллс стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған іс-шараға 40-қа жуық студент қатысты. Жастар өзара тәжірибе алмасып, сондай-ақ түрлі тапсырмаларды орындап өз мамандықтарын жетік меңгергендерін дәлелдеді.

Джондир тракторын басқару, оның көмегімен жер жырту. Егістік алқаптарындағы егін сепкіштерде тұқымның тереңдігін, гектарына себілетін нормасын дұрыс есептеп, анықтау. Ауыл шаруашылығын механикалындыру мамандығында білім алып жатқан студенттер дәл осындай тапсырмаларды орындауда өзара мықтыны анықтады. Петровка агро-техникалық колледжінің 2-ші курс студенті Захар Лупик тұқым сеуіп, егін жинаудың қыр-сырын жақсы біледі. Тракторшы-машинист мамандығында білім алып жатқан жас жігіттің әкесі өсімдік шаруашылығымен айналысады. Сол себепті болашақта әке ісін жалғастыру үшін, бұл салада өз білімін жетілдіреді.

ЗАХАР ЛУПИК, ПЕТРОВКА АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Бала кезімнен алқапта жұмыс істеймін. Сол себепті ауыл шаруашылығы жаныма жақын. Алғаш рет тракторға 16 жасымда отырдым. Жер жыртудың қыр-сырын әкемнен үйрендім. Бүгінгі тапсырмалармен жақсы таныспын. Әрқайсысын орындау барысында мұқият болу керек. Сондай-ақ тәжірибе кезінде трактормен барынша ортақ тіл тауып, оны дұрыс басқара білу қажет.

Ал, Илья Петров болса Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенті. Болашақ техник-механик ауыл шаруашылығы техникасын жөндеп, оны қалай дұрыс басқару керектігін көрсетті. Жас жігіт болашақта осы мамандық бойынша білімін жетілдіріп, жоғары оқу орнына түспек. Оны тәмамдап болған соң туған ауылына оралып, ауыл шаруашылығын дамытуды жоспарлап отыр.

ИЛЬЯ ПЕТРОВ, Ж.ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласына жас мамандар қажет. Сол себепті фермерлік қожалықта немесе егістікте нәтижелі еңбек ету үшін жастардың да білімі сапалы болу керек деп есептеймін. Ал өз білімдерімізді сынап, тексеру үшін дәл осындай жарыстар жақсы мүмкіндік.

 Жалпы, агроскиллс-2022 чемпионатының басты мақсаты ауыл шаруашылығында болашағы жоғары жастардың басын біріктіру. Оларға осы мамандық бойынша білім алып, өзара тәжірибе алмасу үшін қолайлы жағдай жасау.

БЕЙІМБЕТ БҰҒАСОВ, Ж. ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Уорлд Скиллстің стандарттарына сәйкес өтуі үшін біз балаларды ол стандарттарға үйретіп, қандай-қандай талап қойылады. Сол себепті осылай өткізіп жатырмыз.  Негізгі мақсат бұл ауыл шаруашылық мамандықтарына жастарды тарту.

Мамандардың сөзінше жастардың ауыл шаруашылығына деген қызығушылығы жылдан жылға артып келеді.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Солтүстік Қазақстан астықты аймақ. Сол себепті бұл салаға жас мамандарды тартып, олардың өсімдік және мал шаруашылығында еңбектенуі үшін барлық қолайлы жағдай жасалуда. Мәселен, ауыл шаруашылығын механикаландыру құзыреттілігі бойынша кәсіптік шеберлік сайысына өңірімізден 10 және Ақмола облысынан 2 команда қатысуда. Дәл қазір тепсе темір үзер жігіттер өзара жер жыртудан мықтыны анықтауда.

Агроскиллс-2022 өңірлік чемпионатының қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және кубоктармен марапатталды.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:35, 30 маусым 2022
ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...