ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ

13:05, 3 маусым 2020

Айыртау ауданының биыл жаздық танабы  350 мың гектарды алып жатыр, оның   249 мыңы бидай болса, 80 мыңын майлы дақылдар құрайды.  Егістік науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды.  Ал  «Баянтай»  серіктестігі болса,  күздік егісті оруға дайындық үстінде.

Биыл Айыртау ауданының бірқатар шаруа қожалығы  соя мен жүгеріні бірінші рет септі.  Алғашқы тәжірибелері нәтижелі болуы үшін шет елдерден мамандарды шақыртып, олардың кеңесін алды.  Жақсы өнім алу үшін ауылшаруашылық техникасы да дұрыс болуы қажет. Осы жылы ауданның машина паркі 3 млрд теңгеге жаңартылды. Егу кешендері, таркторлар, Камаз және тиейтін  машиналар сатып алынды.  

СЕРІКБАЙ САЛҒАРИН, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Биыл «Желқуар 2003» ЖШС   425 гектар жерге соя мен жүгері  дәнін септі. Оған қоса, тұқым өсіруді қолға алмақ. Бұл дақылдармен айналысу  олар үшін тансық болған соң, Украинадан арнайы маманды шақыртып алды.

Көктемгі дала жұмыстары  аяқтала салысымен, диқандар өнім жинау науқынанына дайындықты бастайды.  Айталық «Баянтай» серіктестігі 150 гектар жерге  күздік дақылдарды сеуіп, көп ұзамай өнім алмақшы.  Жалпы бұл қожалық биыл  8 мың гектарға бидай, майлы дақылдар мен көпжылдық шөп септі.

СЫРЫМБЕТ ЕСЕНҒАЛИЕВ, «БАЯНТАЙ»  ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

Ауданның 9 ірі шаруа қожалығы егіс науқанын тәмамдап үлгерді.   Алқаптарда қазір негізінен шағын  құрылымдардың техникасы жүр. Олар да науқанды биыл жыджағыдан ерте аяқтамақ.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...