ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫ

17:15, 21 маусым 2022

Айыртау ауданындағы ауыл шаруашылығы колледжі жақында қайта ашылмақ. Оқу ордасының жұмысын қалыпқа келтіру үшін кәсіпкер 765 млн теңге қаржы құйған. Бұдан басқа ауданда бірқатар әлеуметтік нысан мен жолдар жөнделіп, сүт фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Атқарылып жатқан шаруаны облыс әкімі Құмар Ақсақалов көріп қайтты. Мағжан Ахмадина тарқатады.

Арықбалық ауылындағы мәдениет үйінің бүгінгі сыйқы осы. Қабырғалары жарылып, жаңбырлы күні шатырынан су ағады. Әбден тоз-тозы шыққан нысан 1985 жылы тұрғызылыпты. Содан бері ғимарат күрделі жөндеу көрмеген. Тек биыл ғана «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында, 200 млн теңге қаржы бөлініп, мәдениет ошағы қалыпқа келтірілмек. Мұнда ат басын бұрған облыс әкімі Құмар Ақсақлов, құрылысшыларға нысанның тарихи келбетін сақтап қалу қажеттігін ескертті. Елді мекен тұрғындары нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігіне дән риза.

 ВИКТОР ШУХОВЦОВ, АРЫҚБАЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ:

- Мәдениет үйінің жөнделетініне қуанып жатырмыз. Өйткені, мұнда түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Оның үстіне, 2024 жылы ауылымыз 200 жылдығын тойлайды.  Бұл сол мерейтойға жасалып жатқан сый болмақ.  Сондықтан осы іске мұрындық болған жандарға алғысымыз шексіз.

Күрделі жөндеу жұмыстары «Зейнеп» ауылшаруашылығы колледжінде де басталды. Лобанов  елді мекенінде орналасқан оқу ордасы бірнеше жылдан бері қаңырап бос тұрған еді. Енді ол сенімгерлік басқаруға өтіп, кәсіпкер мұнда қыруар қаржы құйды.  Сөйтіп, алдағы уақытта мұнда бастауыш сынып мұғалімдері, программистер, механизаторлар мен менеджерлер даярланбақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Атқарылар шаруа аз емес. Алда күрделі жұмыс күтіп тұр. Бірақ бұл жоба өңіріміз үшін маңызды. Біздер бірнеше жылдан бері колледжді қалыпқа келтіруді жоспарлап едік. Бірақ оған қаржы жоқтығы қолбайлау болды. Бюджеттен бөлінбеді. Енді кәсіпкер мұнда ауқымды бизнес-жобаны бастамақ.   

 Ал Антоновка ауылында 250 ірі қара малға шақталған сүт-тауарлы ферманың құрылысы басталған. Оған кәсіпкер 765 млн теңге қаржы құйыпты. Күзде тапсырылуы тиіс кешен жылына 2 мың тонна сүт өндіруге қауқарлы.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мұндай кешендер еңбеккерлерді жыл он екі ай жұмыспен қамтуға септеседі. Сүт әрқашан сұранысқа ие. Бүгіндері зауыттар  сүтті өздері келіп алып кетуі де мүмкін. Сондықтан осындай нысандар өңірде көптеп салынуы тиіс.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Антоновка ауылындағы жол құрылысын да бақылап қайтты. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында, мұнда соңғы жылдары 11 шақырым жол қалыпқа келтірілген. Ал «Шалқар су» демалыс орнында жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталып, аяқталар емес. Кәсіпкер уақытында бітіруге короновирус кезіндегі шектеулер кедергі келтірді дейді. Мердігерлер 2023 жылы жұмысты толығымен тәмамдап, нысанды іске қоспақ. Бұдан соң, Құмар Ақсақалов Төменгі Бұрлық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Қорадағы төрт түлігімен күнелтіп отырған ауыл халқы ауылдағы басты проблема – мал азығының қымбаттығы дейді. Жергілікті кәсіпкер жұмысшыларына шөпті арзанға, ал өзгерелерге нарықтық бағамен саудалайды екен. Мұндай жағдай болмауы тиіс деді тұрғындардың шағымын тыңдаған өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің көптеген кәсіпкер осылай істейді. Бірақ ол дұрыс емес: Сіздер барлықтарыңыз бір ауылда тұрасыздар. Сондықтан тұрғындарды менікі, сенікі деп, бөліп-жармау керек. Жер барлығымызға ортақ. Сол себепті, елді мекенде тұратын барлық жандарды шөппен қамтамасыз ету қажет.

Тағы айта-айта жауыр болған бір мәселе – ол қоғамдық көлік қатынасы. Елді- мекен тұрғындары аудан орталығы не Петропавлға жету үшін қырауар қаржыға көлік жалдайды. Өйткені, мұнда автобус жоқ. Жергілікті әкімдік проблеманы шешеміз деп талай уәде берген, бірақ баяғы жартас, сол жартас. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді іске тарту қажет деді. Кейін, аймақ басшысы жеке қабылдау өткізді. Құмар Ақсақаловқа өз мәселесімен бір ғана тұрғын жолықты. Ол бизнесін дамыту үшін несие ала алмай жүр екен. Алайда оның басында тағы бір қарызы бар. Өңір жетекшісі мәселені анықтап, шешімін қарастырып көретіндігін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...