ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

«АҚ КӨГЕРШІН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

17:24, 30 сәуір 2021

Солтүстік Қазақстан облыстық ҚХА 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ақ көгершін» атты экологиялық акциясын ұйымдастырды. Сенбілікке 30-ға жуық ассамблея өкілі мен волонтер қатысып, Пестрое көлі  маңындағы жағажайды қоқыстан тазартты.

Алакөл маңындағы жағажай қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Жаз мезгілінде мұнда ине шаншар жер болмайды.  Жағажайды суға шомылу маусымына дайындау үшін жастар оны тұрмыстық қалдықтардан тазартып жатыр.  Олардың ішінде  Искандер Даутов атындағы Петропавл қалалық қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері де бар.

Жаз мезгілінде достарыммен бұл жерде жиі жиналымыз. Демалыс орны болғандықтан, жағажайды таза, әрі ұқыпты ұстау қажет. Мен бүгінгі игі шараға қатысқаныма қуаныштымын.

Әр адамға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы отбасында және мектепте айтылады. Таза болып тұрған кімге жаман? Әр адам өзінен бастағаны жөн. Яғни артынан жинап кетіп отырса ғой. Мәселен, көшеде кетіп бара жатып, қоқысты көрсем, оны көтеріп, қоқыс жәшігіне тастаймын. Мен үшін бұл қиын емес.     

«Ақ көгершін» экологиялық акциясы1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай ұйымдастырылған. Табиғатты қорғау- ортақ іс. Алайда, көпшілік қоршаған ортаға қаморлық таныта қоймайды, дейді акция ұйымдастырушылары.

ДИНАРА ОРАЗБАЕВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұған дейін Жеңіс саябағын, Ж.Жабаев көшесінде сенбіліктер өткіздік. Енді облыс тұрғындарының сүйікті демалыс орындарын қоқыстан тазалау қажет деп шештік.  Бүгін 20-қа жуық қап күл-қоқыс жинадық.

Акцияға қатысушылар шара соңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай флешмоб ұйымастырды.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...