ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

20:40, 21 маусым 2022

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақаайын ауданының әкімі Рүстем Елубаев БЫЛТЫР АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЙЫНДА ЕСЕП БЕРДІ, биылғы жоспарлармен бөлісті. Биыл аудан орталығы Смирнов елді мекенінде су құбырларын ауыстыру жұмыстары басталмақ. Жоба үш жылға шақталған.

Былтыр Аққайың ауданының шаруалары 3 млрд 177 млн теңгеге 123 ауыл шаруашылығы техникасын, биыл 2 млрд 968 млн теңгеге 103 техника сатып алды. Сонымен қатар, ауданда мал басы өскен, сүт өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,8% - ға артып, 14,7 мың тоннаны құрады.  Ауданда қазір 9 сүт-тауар фермасы жұмыс істеп жатыр.  

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 2021 жылы  ауданда 600 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы басталды. Симментал тұқымды ірі қара мал биыл Германиядан әкелінбек. Қосымша 20 жаңа жұмыс орны пайда болады.  Сондай-ақ биыл 400 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы басталды, 5 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Украинадан 66 бас голштейн қара-ала тұқымды ІҚМ сатып алынды.  Жоспар бойынша 300 бас ІҚМ, 450 сиыр сатып алынды. Сонымен қатар,  2021 жылдан бастап Аралағаш ауылында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін "Северный бройлер" ЖШС құс фабрикасын салып жатыр.

  Аудандағы жолдарды жөндеуге де 559,9 млн. теңге бөлінді. Полтавка, Ленинское, Шағалалы ауылдарында 17 шақырымда кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Дайындық ауылының  кіре берісін және  Власовка, Аралағаш, Черкаск ауылдарындағы ауылішілік жолдарды жөндеу жоспарда бар. брифинг барысында Смирново-Қиялы бағытындағы жолдың сапасына қатысты мәселе көтерілді. Былтыр бұл жолды қалпына келтіруге 700 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биылғы жылға ақша бөлінген жоқ. Быцлтыр ол жол жасалды. Ол жол 3 жыл ремонтталып келе жатыр. 8-9 шақырымдай жол істелінді.  Биыл Смирнов-Қиялы жол бағытына ақша бөлінген жоқ. Жоспар ендігі жылға бөлінеді. Биыл Смирнова –Тоқшынға күрделі жол жөнделіп жатыр.

 Сонымен қатар, халық сұрауы бойынша аудан орталығы Смирнов ауылындағы барлық су құбырларын жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жасалды.  

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Биылғы жылға 277 млн.берілді. Қалған сомасы 2 жылға бөлініп, 3 жыл бойы су құбырын Смирновта жөндейміз.

 Былтыр Мемлекеттік бағдарламалар аясында Жалпы сомасы 839,3 млн. теңгеге 29 жоба іске асты. Смирново және Ленинское ауылдарындағы мәдениет үйлеріне, Шағалалы ауылында дәрігерлік амбулаторияға және Чаглинка орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

 

Айгерім Құсайынова

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар