ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

20:33, 26 маусым 2020

Бейсен Құранбек атындағы жүлде иегерлері белгілі болды. БАҚ қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында «Жігердің» жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі иелерін тапты.

Төртінші билікті тізгіндегендердің белгілі топқа қана емес, жалпы ғаламға ықпалы ерек. Олар қоғамдық сананы қалыптастырады, мемлекеттік иделогияны насихаттап жүр. Еңбегімен ерекшеленген бірқатар журналист бүгін «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Арасында ұлттық арнаның анонс бөлімінің жетекшісі Мақпал Үкенова да бар.АИДА БАЛАЕВА ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Журналистер – қоғамның жанашыры. Қоғам тіршілігіндегі қылт еткен қиындықтарда бірінші болып үн қататын, тығырықтан шығар жол іздейтін де журналистер қауымы. Өзімнің және министрлік ұжымымның атынан барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймын. Расында да журналистика шығармашылық өрісті ғана емес, кәсіби өршілдік пен аса терең мәдениеттілікті, жан-жақты білімділік пен ішкі тәрбиелікті қатар талап ететін мамандық.

Журналистердің жігерін жанитын тағы бір марапат қосылды биыл. Оның орны бөлек. Салмағы де ауыр. Себебі, қазақ журналистикасының ақтаңгері Бейсен Құранбек атындағы жүлде. «Жігер» сыйлығының алғашқы иегерлері марапатталды. 

АҚЖЕЛЕҢ РАХАТДИНҚЫЗЫ, БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ «ЖІГЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Бейсен аға бізге үздік өмір сүрдің үлгісін көрсетіп кетті. Бейсен Құранбектің шәкірті деген атты алып үру үлкен жауапкершілік. Бұл сыйлықтың да жауапкершілігі ауыр деп ойлаймын.

Отандық журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген жалпы 55 қызметкер төсбелгі тақты. Осы күні Журналистерге арналған жаңа ән таныстырылды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...