ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

«АҚЫЛДЫ» ҚҰРЫЛҒЫЛАР ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ТӘРТІПКЕ САЛАДЫ

20:42, 20 қаңтар 2022

Петропавлда жыл басынан автоматтандырылған құрылғылардың көмегімен Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 700-ден астам дерегі тіркелген. Облыс орталығында осындай жеті жүйе бар. Былтыр құрылғылар 6 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.

Қолайсыз ауа райы, көлік кептелісі кезінде асығыстық таныту, және көлік жүргізушілерінің жол үстіндегі немқұрайлығы – қала ішіндегі жол-көлік оқиғаларына себеп болып жатады. Жүргізушілер арасындағы тәртіпті қамтамасыз етуге автоматты түрде тіркеу-бақылау құрылғылары да үлесін қосып келеді.

Талғат Ғалиуллин, СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

  • Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні облыс орталығында Жол жүрісі қағидаларын автоматты түрде тіркейтін 7 жүйе бар. Олардың ішінде бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтудің және тоқтау сызығының бұзушылықтарын тіркейтін құрылғылар Астана-Интернационал, Н.Назарбаев пен Абай, Жамбыл мен Интернационал көшелерінің қиылысында орнатылған. Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту және жылдамдық режимінің бұзушылықтарын тіркейтін құрылғылар Мүсірепов пен Жамбыл, Сүтішев пен Жұмабаев, Жамбыл мен Партизанская, Н.Назарбаев пен Интернационал көшелерінде орнатылған.

Өткен жылдың 12 айында автоматтандырылған жүйе 6361 бұзушылықты тіркеген. Құрылғы тәулік бойы, аптаның жеті күнінде тоқтаусыз жұмыс істейді.

Талғат Ғалиуллин, СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

  • Осылай, қаңтар айында автоматты түрдегі бақылау-өлшеу құрылғыларымен 719 бұзушылық тіркелді.

Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері атап өткендей, құқық бұзушылықтарды автоматты режимде тіркейтін бұл жүйе жол қозғалысының қатысушылары арасындағы тәртіпті нығайтуға және апаттылық деңгейін азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, полицейлер жол жозғалысының барлық қатысушыларынан әсіресе қыс мезгілінде жол үстінде барынша мұқият болуды және Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...