ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

АҚЖАР АУДАНЫНА ІС-САПАР

20:30, 24 мамыр 2022

Осы күндері Ақжар ауданында мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Іс-сапар барысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов ең алдымен осы нысанның құрылыс жұмыстарын көрді. Сонымен қатар, облыс әкімі ауданның тумасы,  паралимпиада жүлдегері Александр Герлицтің шаңырағына да барды.

Ақжар ауданындағы мал бордақылау алаңында болашақта етті бағыттағы "Абердин ангус" сиырлары семіртіледі. Өйткені  ол тез салмақ қосады екен.

ТЕМІР АРҒЫМБАЕВ, «БЕРЕКЕ АҚЖАР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бес жүз бас өткен жылдың мамыр айында келді. Биыл қолдан ұрықтандырдық. Қазір малдың жалпы саны сегіз жүз басты құрайды. Қырық бұқамыз бар. Мынау репродуктордың қабырғасы. Жігіттер салып жатыр.

Екі мың басқа шақталған бордақылау алаңының құрылысы шілдеде аяқталмақ. Биыл аудандағы бірнеше ауылдың ішкі жолдары жөнделеді. Талшықтың өзінде алты көше қалыпқа келтіріледі. Жоспарланған бұл жұмыс та жаздың екінші айында соңына жетпек. Осы ретте халықтың бақылауы мен тиісті мамандардың көмегіне сүйеніп, сапаны ескеру қажет. Жүрдім-бардым атқарылған шаруа - далаға кеткен еңбек, жерге сіңген су.

ЖОЛДЫБАЙ ТЕНТЕКОВ, "ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ" РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Осы күнге дейін Ақжар ауданында екі инспекциялық тексеру жүргізілді. Қиыршық тас пен битумның дұрыс төселмеуіне қатысты материал жиналды. Қазір олар жан-жақты қаралып жатыр. Жолдар бойынша ұйғарымдар жазылды. Іске жауапты жандар олқылықтарды түзетеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жолдардың сапасын үнемі назарда ұстап, бақылап отыру қажет. Себебі, бұл іске қыруар қаржы бөлініп жатыр. Біз жүз елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеуді бастадық. Биыл Ақжар ауданында алты ауылдың көшелері қалыпқа келтіріледі. Олар: Талшық, Дәуіт, Ұялы, Ленинградское, Киевское және Горьковское.

 Талшықта былтыр он бір әлеуметтік маңызы бар нысан мен сегіз тұрғын үй орталықтандырылған жылу желісіне қосылды. Қызмет көрсетуші ұйым - "Сапро-Нат" серіктестігі. Тұрғындар сапаға оң баға бергенмен төлемге көңілдері толмайды.

- Аз зейнетақы алатын мен үшін төлем қалтама салмақ салады. Енді Талшықтың бәрі қосылса, баға төмендейді деп ойлаймын.

 Иә, абонент саны артса баға төмендейді. Қазір қызмет көрсетуші ұйым осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Әңгіме барысында облыс әкімі ауылдарға жол салу, ауыз су мен жылу тарту - биліктің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз үйлерге жылу беру жұмысын 2020 жылы қолға алдық. Бүгінге дейін облыстағы 4 мың адам тұратын 127 көпқабатты үй орталықтан келетін желіге қосылды.

Талшықтан 12 шақырым жерде орналасқан Қулыкөл ауылында аймақ басшысы "Дамир" қожалығының жұмысшыларымен кездесті. Ұялыда Құмар Ақсақалов баяндама жасады. Өзге аудандарда сүт-тауарлы ферма қос-қостан салынып жатқанда соңғы 5 жылда Ақжар ауданында бірде-бір нысан тұрғызылмаған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мысалы, сүтті мал шаруашылығы бағытындағы мал сатып алынса, бұрын екі жүз мың теңге берілетін. Қазір сома 400 мыңға жетіп отыр.

 Бүгінде ауданда "Бекет" қожалығына тиесілі алты жүз басқа арналған бір ғана сүт кешені бар. Фермер ауыл тұрғындарына да қажетінше көмек көрсетеді екен.

МАРАТ ШӘПЕНОВ, "БЕКЕТ" ФҚ БАСШЫСЫ:

- Қарттар күніне байланысты мүгедектер мен үлкендерге жалпы сомасы бес жүз мың теңгенің көмегі көрсетілді. Ұялы ауылындағы мешіттің құрылысына көмектестік. Сонымен қатар, Ақсары, Ұялы ауылдарындағы су құбырын жөндеуге бір млн теңгеден астам қаражат бөлдік.

Биыл "Бекет" қожалығы, әкімдік және тұрғындармен меморандум қабылданды. Құжат аясында іскер жан тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және әлеуметтік осал топтарға көмектеспек. Ал мемлекет тарапынан биыл аудандағы ауылдарға ауыз су тартылады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Сумен қамту бойынша биылғы жоспар анықталды. Үлгілі, Ақсары, Баймырза, Горьковское, Ленинградское және Ұялы ауылдарында жұмыстар жүргізіледі. Ұялыда локалды станция жөнделмек. Тағы бір үлкен жоспарымыз бар. Мемлекет басшысы "Булаев" топтық су құбырын қайта жаңғырту бойынша тапсырма берді.

Кездесуден кейін Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдады. Облыс әкіміне бірнеше азамат жүгінді. Кейін өңір жетекшісі "Болат" қожалығының алқабына барып, егіс жұмысын көрді. Біреу білсе, біреу білмес, паралимпиада жүлдегері Александр Герлиц - Ақжар ауданының тумасы. Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы спортшының кіндік қаны тамған Горьковское ауылына барды. Мұнда шаңғышының отбасымен танысты.

АЛЕКСАНДР ГЕРЛИЦ, ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДР ГЕРЛИЦТІҢ ӘКЕСІ:

- Вообще любил он просто бегать. Короткие дистанции - его конек. Он побеждал на них.

Ауылдағы жастар спортқа жақын. Оларға облыс әкімі сәттілік тіледі және ел намысын абыроймен қорғаған Александрдан үлгі алуға шақырды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жас спортшылар қиындыққа қарамай кез келген жағдайда жаттығып, биік белесті бағындырған үлкендердің жолын қууға шақырамыз. Нәтижеге қол жеткізу үшін тек еңбек ету қажет. Сонда ғана төккен тер ақталады.

Кездесу соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...