ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ

20:36, 13 мамыр 2022

Ақжар ауданының әкімі Қанат Қалиев өзі басқарып отырған ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қорытындылап, биылғы басты жоспарларымен бөлісті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі  49 млрд 683,5  млн теңгені құраған. Ал тартылған инвестициялар көлемі 8 млрд теңгеге жуық.  

 Ауыл шаруашылығынсыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Ақжар ауданында бұл салада даму қарқыны байқалады. Мәселен былтыр ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 49 млрд 683 млн теңгені құрады. Өткен орақ науқанында ауа райының қолайсыздығына қарамастан әр гектардан 11,3 ц өнім алынды.  

ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Өнімнің жақсы шығуы минералды тыңайтқыштарға байланысты. 2021 жылы 8995 минералды тыңайтқыштар алынатын болса Биыл 9210 тонна тыңайтқыштар алынды. Және де ол тұқымдарға да байланысты жаңа элиталық тұқымдарды алуға 2021 жылы 1899 тонна алынтаны болса, биыл 1313 тонна алынды. Және де бұл тұқымдарды біз жыл сайын жаңартып отырымыз.»

 Ауданда мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Бүгінде бұл салада маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2021 жылы ауданға Батыс Еуропа елдерінен 1202 асыл тұқымды ірі қара сатылып алынған. Былтыр ауданда жолдарды жөндеу жұмыстарына 1 млрд 3 млн бөлінді. Сонымен қатар "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 64 млн.теңгеге 8 үйдің құрылысы жүргізілген. 1327 адам жұмыспен қамтылған. 2022 жылы 1051 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.  

 ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 

 Былтыр Ақжар ауданында «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша Талшық, Ленинград және Май мектептерін жөндеуге 342 168 000 теңге бөлінді. Аудан әкімінің айтуынша білім беру мекемелерінде әлі де шешімін таппаған мәселе жеткілікті. Мектептердің жылу жүйесін, шатырларын жаңарту керек.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...