ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

«ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

20:46, 2 желтоқсан 2021

Петропавлдықтардың қоғамдық көліктердегі электронды билеттеу қызметіне көңілдері толмайды. Оған төлемақының дұрыс жүргізілмеуі себеп, кей жолаушыдан жол ақысы екі реттен алынған. Тіпті кей кездері банк картасымен төлем жасалмайтын жағдайлар туындайды. Соның салдарынан жолаушылар жол жүру ақысын қолма-қол төлеуге мәжбүр. Алайда, кейін картадан ақшаның шешілгені туралы хабарлама келіп жатады. Бұған не себеп? «ALEM PAY» компаниясының бас директоры Сергей Цой БАҚ өкілдеріне жағдайдың мәнісін түсіндірді.

Маманның сөзінше  жол жүру ақысын картадан екі рет шешіп алу өте сирек кездеседі. Бұл бағдарламаның өзінде немесе банкте техникалық ақау болған кезде тіркелуі мүмкін. Петропавлда электронды билеттеу енгізілгеннен бері мұндай жағдай екі рет анықталған. Бірақ барлық ақша иелеріне қайтарылды. Төлем жасалмауының тағы бір себебі – картада қажет мөлшерде ақшаның болмауы. Даулы жағдайлардың алдын алу үшін компания басшылығы қала тұрғындарына әрдайым жүргізушіден чек сұрауға және картаның артқы жағында көрсетілген нөмір бойынша қызмет көрсетушінің кеңсесіне қоңырау шалуға кеңес береді.

СЕРГЕЙ ЦОЙ, «ALEM PAY»  КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

  •  Төлемді қолма-қол, банк картасымен, көлік картасымен, смс – арқылы және мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы жасауға болады. Жолаушылардың 45%-ы банк картасын пайдаланады.  Жалпы, тұрғындардан күніне 15-20 ға жуық шағым мен өтінішк еліп түседі. Олардың барлығын да біз уақытылы қарастырып, жауап беруге тырысамыз.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
20:46, 27 қаңтар 2022
АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
20:34, 27 қаңтар 2022
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
17:20, 27 қаңтар 2022
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...