ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

17:19, 1 қазан 2020

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 400ден астам ардагер ұстазы бар. Оның 90-ы әлі күнге дейін студенттерге дәріс оқиды. Бүгінгі қарттар күніне орай жоғары оқу орнының ұжымы зейнеткерлеріне арнап салтанатты шара ұйымдастырды.  

Жақсылық Галиев М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде  1965 жылдан бері қызмет етіп келеді. Биологиядан жарты ғасырға жуық дәріс оқыған білікті ұстаз қазір  агротехнология  факультетінің агрономия және орман шаруашылығы кафедрасында еңбек етеді. Сонымен қатар ол университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ЖАҚСЫЛЫҚ ГАЛИЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгін міне аз да болса осы жұмысымды жалғастырудамын. Ол өте жақсы дәреже деп ойлаймын. Жарты ғасырдан жинаған педогогикалық  тәжірбиемді жастарға үйретудемін. Біз білімді әр кез толықтырамыз ғой. Біз көрген білгенімізді жастарды тәрбиелеуге жұмсаймыз. Біздің мейіріміміз, жастардың бізге деген мейірі ылғи да бізді жасартады.

Мерекелік шара қарттарға гүл шоқтарын сыйлаудан басталды. Кейін KOZYBAYEV UNIVERSITY басқарма төрағасы ректорының міндетін атқарушы Ербол Исакаев жиыналған қауымды жоғары оқу орнының  жеткен жетістіктерімен, болашақта атқарылатын жұмыстармен таныстырды    . Сондай-ақ  ол білім ордасында ақсақалдар алқасын құруды ұсынып,  бүгінгі мереке иелерін құттықтады.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ РЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

Мен сөзімді қорытындылай келе  университетімізде ақсақалдар алқасын құруды ұсынамын. Сіздердің өмірлік тәжірбиелеріңіз бен беделдеріңіз университетіміздің қарқынды дамуына септігін тигізеді деп сенемін. Құрметті ардагерлер, сіздерге ұжымымыз бен студенттеріміздің атынан мықты денсаулық, шығармашылық табыс және ұзақ өмір тілеймін.

80 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнының ардагерлер ұйымында 400-ден астам зейнеткер ұстаз бар. Оның 90-ы  бүгінгі таңда аталмыш білім ордасында еңбек етеді.  

ИРИНА ТУХВАТУЛИНА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

Қозыбаев университеті бірінші қазанда жылда дәстүрлі түрде өз ардагер ұстаздарына құрмет көрсетіп құттықтап тұрады. Бүгін құрметті қонақтарымызбен студенттерге  білім ошағымыздағы ардагерлер кеңесінің жұмысын таныстыруға зор мүмкіндік туып отыр. Алдағы уақытта басқа да облыстық, қалалық ардагерлер ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз.

Мерекелік жиын соңында  қарт оқытушылар өз естеліктерімен бөлісті.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...