Петропавлда Семей ядролық полигоны аумағында қызмет еткен өңір тұрғындары мен қалалық әкімдік өкілдері тағы да бас қосты. Дөңгелек үстелде семей сынағының салдарын жоюға қатысқан ардагерлер өздеріне қарастырылған жеңілдіктерге қол жеткізе алмай отырмыз деп өтініштерін жеткізді.
Облыста « Семей ядролық полигоны» қоғамдық бірлестігінің қатарына 180 ге жуық адам кіреді. Олардың 25-і ғана мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді алып отыр. Қалғандары одан қағылдық дейді. Атап айтқанда баспана алуда, жол ақысын төлеуде жеңілдіктер жоқ.
АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Барлығы заң аясында. Себебі, жергілікті атқарушы органдардың құзырына заң жобаларын әзірлеу кірмейді, мәселелерді мәжіліс депутаттарының қарауына жіберуге біздің құқығымыз жоқ. Біз тек заңды орындаймыз.
Заңнамаға өзгерістер енгізу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық кеңсе арқылы жүгіну керек. Айта кетейік Семей ядролық полигонының бірлестігі мүшелері Президентке ашық үндеу де жолдаған, бірақ нәтиже жоқ. Мәселелері осы күнге дейін шешілмеген.
АСХАТ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «СҚО СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
Қоғамдық бірлестік ұсыныстар мен қолдаухат әзірлеуге кіріспек.Әкімдік өз кезегінде солтүстікқазақстандықтардың мүдделерін қорғауға әзірміз дейді. Тек барлығы заң жүзінде болуы шарт.
Алдияр Жылкайдаров