ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР

20:44, 27 қаңтар 2022

Айыртау және Мүсірепов аудандарында 10 жылдан астам уақыттан бері қараусыз қалған 6 кен орны бар. Оларды қоршау үшін арнайы жол картасы әзірленді. Кеңес одағы тұсында ұзақ жылдар бойы уран өндіріліп келген кәсіпорын жұмысы 1990 жылы тоқтатылып, шахталар консервацияланды.

Жабылған кен орындарын «Уран Ликвид Рудник» компаниясы бақылауға алды. Алайда бұл кәсіпорын 2010 жылы банкротқа ұшырап, кеніш қараусыз қалды. Жергілікті тұрғындар нысандағы құрылыс материалдарын бұзып алып, жанында бос жатқан жерге мал жая бастаған.Ендігі жоспарға сай радиациялық қауіпті аймақ 2023 жылға дейін толық қоршалады.

Азамат Бектасов,  облыстық Экология департаментінің басшысы:

- 2017 жылдан бастап осы кен орындарында мониторинг жұмыстарын жасағанбыз. Кейбір ашық жерлерде радиациялық көрсеткіштер жоғары болып көрсетілді. Сондықтан біз осы мәселені көтеріп, осы жұмысты жалғастыруға шешім қабылдадық.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...