ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

«ASHYQ»-ҚА ЕСІК АШЫҚ

20:37, 16 сәуір 2021

Петропавлда «Ashyq» қосымшасы бойынша алғашқы QR-код берілді. Бұл қосымшаның көмегімен кәсіпкерлік субъектілер өңір «қызыл» аймақта болса да, жұмыс істеуге мүмкіндік алады. «Ashyq» қосымшасының көмегімен қызыл және сары мәртебесі бар тұрғындарды анықтауға болады. Жоба жайлы Индира Ахатқызы айтып берсін.

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін, яғни вирустың тасымалдаушысы болып саналатынын немесе саналмайтынын анықтауға мүмкіндік береді.

ЖЕҢІС ҚАЗИЕВ, СҚО ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Ashyq» қосымшасының бизнеске беретін артықшылықтары: егер нысан орналасқан аймақ «қызыл аймақта» болса, оған «сары аймаққа» сәйкес шектеу критерийлері қолданылады, егер «сары аймақ» болса, «жасыл аймаққа» сәйкес шектеу критерийлері қолданылады. Қаланың кәсіпорындары арасында QR-кодқа сұраныстар бар. Ақырындап, бәріне тарататаын боламыз кодтарын.»

Бұл спортзал бірінші кезекте өз клиенттерінің қауіпсіздігі үшін  «Ashyq» қосымшасына қосылды. Сондай-ақ, бағдарлама клубқа демалыс күндері де жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мекемеге кіру үшін келуші өзінің смартфонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациялануы, ЖСН енгізуі және өзінің келуін тіркеу үшін мекеменің QR-кодын және шығу кезінде QR кодты сканерлеу керек. Алғашқылар қатарында мекеменің жаңашылдығын Сергей Хан сынап көрді.

СЕРГЕЙ ХАН, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

«Мен спортпен қалыпты түрде айналысамын. қатаң карантинде қиын болды. Спортзалды ашуын асыға күттік. Енді, бұл қосымша арқылы қызыл аймақта болсақ та, деніміз сау болса, спортпен айналыса аламыз. Жақсы ғой.»

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні пилоттық бағдарлама Қазақстан бойынша өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан, жобадан Петропавл да қалыс қалмай, қаланың кәсіпкерлік субъектілерінде «Ashyq» қосымшасы орнатылып жатыр. Әзірге шаһар бойынша 5 мекеме QR-кодқа сұраныс берген.

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...