ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ

20:44, 24 қаңтар 2022

Құрылыс саласына қажет материалдарды әзірлейтін «Единство» ЖШС-де 20-ға жуық келіншек еңбек етеді. Соның 3-і - машинист. Ерлерге тән ауыр жұмысты абыроймен атқарып жүргендердің бірі 59 жастағы Фархана Сафарғалеева. 8 метр биіктікте аспалы кранды бағындырған маманмен әріптесім Майгүл Сейілбек танысып қайтты.

Фархана Сафарғалеева темір-бетон өнімдерді шығаратын кәсіпорынға алғаш келгенінде небәрі 20 жастағы бойжеткен еді. Соған қарамастан аспалы кранның тілін тауып, ұжымға тез сіңісіп кетті. Кейіпкеріміздің сөзінше ерадамға тән мамандықты таңдауы да бекер емес. Бала кезінен өжет болған ол мектеп бітірісімен пайдалы іспен айналысқысы келіп, біраз ізденеді. Осылайша үй құрылысына қажет заттарды дайындауды үйренгісі келеді. Кейін Петропавл техникалық училищесіне «краншы» мамандығына оқуға түседі.

ФАРХАНА САФАРҒАЛЕЕВА, «ЕДИНСТВО» ЖШС-НІҢ АСПАЛЫ КРАН МАШИНИСІ:

  • Училищеден кейін мен бұл жерде 4 жылға жуық жұмыс істедім. Кейін тұрмыс құрып,  ана атандым. Декреттік демалыстан шыққан кезімде құрылыс алаңдарында еңбектендім. Алайда, бар ойым аспалы кранда болды. Осылайша осы жерге қайтып оралдым.

Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі - темірбетон бұйымдарын шығаратын зауытта Фархана Ануарбекқызы 20 жылдан бері еңбектеніп келеді. Таңғы сағат 8-де сүйікті жұмыс орнына келіп, ең алдымен кранды қосады. Түрлі құрылыс материалдарын бір цехтан екінші цехқа тасымалдайды, не болмаса орнатады.

ФАРХАНА САФАРҒАЛЕЕВА,  «ЕДИНСТВО» ЖШС-НІҢ АСПАЛЫ КРАН МАШИНИСІ:

  •  Мұндай жұмыста ең бастысы мұқият болу керек. Сонымен қатар, салқынқандылық таңытып, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару қажет. Мен өз жұмысымды қатты сүйемін. Әрине әйел баласына тым қиын деп біреу айтуы мүмкін, бірақ соған қарамастан кез-келген ауыртпалықты көтере алатыныма сенімдімін.

Маман 20 жыл ішінде көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп, қиын жұмыстың қыр-сырына үйретті.

АНДРЕЙ НЕКРАСОВ, «ЕДИНСТВО» ЖШС-НІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

  •  Фархана Ануарбекқызы білікті маман, өндіріске келген жастар үшін жақсы тәлімгер. Ұжымда ол лайықты құрметке ие. Бұл жұмыс ер адамға тән, бірақ соған қарамастан, ол өз міндетін кәсіби және сапалы орындайды.

Фархана Сафарғалеева мұнымен қоса ардақты жар, аяулы ана, асыл әже. Құрылыс саласына ғұмырының 40 жылын арнаған краншы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай былтыр 3 дәрежелі  «Еңбек даңқы» орденеміне де марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...