ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

АТА ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛЫНДА

13:00, 12 мамыр 2022

Маусымның 5-і күні ҚР Конституциясына енгізілетін түзетулер бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Кеше облыстық мәслихат депутаттары негізгі заңға ұсынылған түзетулермен таныстыру мақсатында  дөңгелек үстел өткізді. Алдағы уақытта ауылдық округтерде, жұмыс ұжымдары және облыс тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылмақ.  

 Биылғы 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 31 сессиясында Президент Қ. Қ. Тоқаев ҚР Конституциясына түзетулер енгізу бойынша жалпы республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум демократиялық қайта құрудың маңызды элементі екені белгілі. Бұл мемлекет пен қоғам үшін ең маңызды мәселелер бойынша дауыс беруде көрінетін азаматтардың ерік білдіруінің кең ауқымды процесі.

 СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА,  ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- «Қолданыстағы Конститутция 98 баптан тұрады. Оның 31-іне  өзгеріс енгізіп, тағы 2 бапты қосу жоспарланып отыр. Әрине оның барлығы сайлауда, халықтың дауыс беруі арқылы шешіледі. Бұл бастаманы ел Президенті ұсынды. Ал өзгерістердің болуы не болмауын халық шешпек»

 Референдумға дайындық шеңберінде барлық деңгейдегі депутаттар, AMANAT партиясының мүшелері ҚР Конституциясына түзетулерді түсіндіру жөніндегі жұмысқа белсене кірісті. Кеше Петропавлда ҚХА орталығында облыстық мәслихат депутаттары негізгі заңға ұсынылған түзетулермен таныстыру мақсатында халықпен дөңгелек үстел өткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта ауылдық округтерде, жұмыс ұжымдары және облыс тұрғындарымен кездесулер өткізіп, тұрғындарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап бермек.  

ЕЛЕНА ЛЕВИНА,  ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- «Біздің тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде біз мемлекетті басқаруға неғұрлым белсенді қатысуға тырыстық және саяси процестердің жеткілікті демократияланбағанын түсіндік. Алдағы уақытта ауылдық округтерде, жұмыс ұжымдары және облыс  тұрғындармен кездесу өткізіп, референдум негізінде орын алатын заңдағы өзгерістер жайлы сауалдардың барлығына жауап  береміз».

Референдум көптеген демократиялық мемлекеттерде өткізіледі. Өткен жылдары Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум біздің саяси және экономикалық серіктестеріміз Ресейде және Қырғызстанда  өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл ел тарихында екінші рет өткізілейін деп отырған референдум. Осыған дейін  1995 жылы Президенттің өкілеттік мерзімін ұзарту мәселелері бойынша және қолданыстағы Негізгі заңды қабылдау кезінде өтті.

 

Әміре Ақбатай

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ  ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:40, 24 мамыр 2022
АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨҢІРДЕ 34 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
20:39, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨҢІРДЕ 34 МЫҢНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...