ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫНА НЕ СЕБЕП?

20:50, 30 сәуір 2021

2015 жылдан бері әр көктем сайын Петропавлда атмосфералық ауадағы күкіртсутегі концентрациясының нормадан асып кету тіркеледі. Ластанудың себептері органикалық қалдықтардың ыдырауынан немесе өндіріс шығарындыларынан болуы мүмкін.

Экологиялық мониторинг жүргізген мамандар атмосферадағы химиялық заттың нормадан 8 есе асып кеткенін анықтаған. Егер бұл көрсеткіш, 10-ға жетсе, дабылды ескерту жарияланады.  Күкіртсутегі адамның тыныс жолдарына кері әсер етеді. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты атмосфералық ауада күкіртсутектің пайда болуы жыл сайын көктемде қайталанады және 3 айға дейін созылуы мүмкін. Ластанудың негізгі көзі биотоған  болып отыр. Ыдырау процестерін тоқтату үшін биотоғанның түбінен барлық тұнбалар шығарылуы керек. Биотоған болса «Қызылжар су» ЖШС –нің балансында тұр.

ЕРБОЛ НӘБИЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС СУ БҰРУ КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Биотоған Мамлют ауданына барар жолда орналасқан. Оның аумағы 400 гектардан асады.  Күн жылынып, мұз ерігендіктен жиналған күкірсутегі ауаға таралды. Ластанудың себептері органикалық қалдықтардың ыдырауы немесе өндіріс шығарындылары болуы мүмкін. Органикалық қалдықтар сонымен қатар қала маңында орналасқан шағын көлдерде, батпақтарда да болуы мүмкін. Бұл олқылықтарды жою үшін тоғаннан суды сору, тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың сөзінше биотоғанның түбін шөгінділерден механикалық және биологиялық әдістермен тазартуға болады. Алайда ең тиімді тәсілі ол кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құру.

АЙБЕК ҚОРЖЫМБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл мәселе кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құру жолымен шешілмек. Жоба бар, оның үш кезеңі жүзеге асты. Қалғанын орындау үшін 1,5 миллиард теңге қаржыға өтінім жасалынады. Жалпы айта кетуіміз керек қайта құру жұмыстары болашақта биотоғанда күкіртсутегінің жиналуына автоматты түрде кедергі жасайды.  

Қайта құрудың 3 кезеңіне 2,5 млрд теңге жұмсалды. Енді мамандар 4-ші соңғы кезеңді  қолға алуды жоспарлап отыр.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...