ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

АУЫЛ ӘЙЕЛІ ҚОҒАМДА БЕЛСЕНДІ

20:43, 12 қараша 2019

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 8 мен 9 қараша күндері «Ауыл әйелдерінің ІІ-ші  форумы» өтті. Солтүстік өңірден жиынға мал шаруашылығында, білім беруде, атқарушы билік саласында, қызмет көрсетуде нәтижелі  жұмыс істеп жүрген 15 әйел қатысты.

Сәуле Жантлесова «ауыл әйелдерінің ІІ-ші форумына қатысып келген 15 солтүстікқазақстандықтың бірі. Ол Аққайың ауданы  Смирнов селосында мал шаруашылығымен айналысып, ауыл әйелерімен бірге фитнес топ құрды. Сәуле - «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері»   кітабіна енген. Оған қоса, аудандық  Іскер әйелдер кеңесін басқарады.   

СӘУЛЕ ЖАНТІЛЕСОВА, КӘСІПКЕР:

- Форумға қатысып, өзім секілді кәсіпкерлікті енді бастап жатқан, бұл салада биік шыңдарға жеткен әйелдермен танысып, олардан қуат алғандаймын. Бизнес бастау өте қиын. Әсіресе алғашқы қадам жасау. Қуанышымызға орай мемлекет жан-жақты қолдап, бізді әр кезеңде демеп отырады. Сондықтан, мен болашаққа жоспар құрып, оларды іске асырудан қорықпаймын.

Сәуленің Смирновта фитнес топты бірге құрған бизнес серіктесі Әсел Селбаева да Елордадағы форумға барып келді. Ол сонымен қатар, массаж кабинетін ашып, халыққа қызмет көрсетеді. Биыл ол  «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып,  грантқа ие болды. Бұл қаражатқа кәсібіне қажетті құрылғыларды сатып алды.

ӘСЕЛ СЕЛБАЕВА, КӘСІПКЕР:

- Биыл көші қон бағдарламасы аясында ақтау қаласынан солтүсікқазақстанға 3 баламмен көшіп келдім. Фитнес топтан бөлек, массаж кабинеті жұмыс істейді. Бізге негізінен арықтағысы келетін әйелдер келеді.  «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы массаж кабинетіне қажетті кушеттка сатып алдым. Кәсібімді енді бастадым. Форумнан бинесті дамытуға қажетті көп мағлұмат алдым. 

Ал Қызылжар ауданының тұрғыны Зульфия Тухватуллинаның кәсібі балаларға білім беру және олардың бос уақытын ұйымдастырумен байланысты.

ЗУЛЬФИЯ ТУХВАТУЛЛИНА, КӘСІПКЕР:

- Мектептен кейін балалар орталыққа келіп, үй тапсырмасын орындайды. Қосымша үйірмелерді ұйымдастырадық. Қазір 40 бала келіп жүр. 3 баламен кәсіпті де,отбасыны да қатар алып жүру өте қиын. Форумға қатысқан  әйелдердің тәжірибесін көріп, біраз қуат алғандаймын.

Әйелдер бизнесін қолдауға негізделген бірқатар бағдарлама АЯСЫНДА 5 мыңнан астам жас кәсіпкер ісін дөңгелете алды. Бір айта кетені, еліміздің жалпы ішкі өнім көлемінің 39 проценті әйелдер еңбегінің нәтижесі. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...