ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ МЕКТЕБІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

20:45, 21 маусым 2022

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ставрополка ауылындағы  мәдениет үйінің жанынан балаларға арналған жазғы сауықтыру алаңы жұмыс істеп жатыр. Өйткені биыл жергілікті орта мектеп күрделі жөнделіп жатыр. Құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталмақ. Тілшіміз жалғастырсын.

Мәдениет үйінің жанынан бүлдіршіндерге арналған жазғы сауықтыру алаңы ашылды. Оған қазіргі уақытта 30-ға жуық бала қатысып, жазғы демалыстарын көңілді өткізіп жатыр. Тәрбиешілер балалардың әр күніне қызықты бағдарлама құрған.  

- Біз жақында қағаздан гүлдер жасадық, Олар көрмеде тұр. Біз дойбы ойнаймыз, футболға барамыз. Уақытымыз көңілді өтеді.

Жазғы лагерьде көптеген ойын ойнаймыз. Бірақ өзіме футбол, шахмат ойнаған ұнайды.

Осыдан 13 жыл бұрын ауылда «Орфей» би ұжымы құрылды. Былтыр өнерпаздар республикалық байқауда «үлгілі халық ансамблі» номинациясын иемденді. Би ұжымының бар шығынын жергілікті шаруашылық көтеріп отыр.  

ВИКТОРИЯ РОГОВА , «ОРФЕЙ» АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - «Біздің ұжымда барлығы 100-ге жуық бала бар. Мектептегі балалардың барлығы келеді десем де болады. Кеше ғана біз аудандық байқауға барып, 2 орын алдық. Дипломдар мен бағалы сыйлықтар иемденіп қайттық.»

 Ставрополь орта мектебінде 107 бала білім алады. 2019 жылы күрделі жөнделген мектептің терезелері, электр сымдары және жылу жүйесі ауыстырылды. Биыл да атқарылар жұмыс аз емес. Мектеп директорының сөзінше 1 қыркүйекке дейін жұмыстар аяқталып, нысан қолданысқа берілуі тиіс.

ВИТАЛИЙ ТЕРЮКОВ, СТАВРОПОЛЬ ОМ ДИРЕКТОРЫ:

 - «Жөндеудің екінші кезеңіне жергілікті бюджет есебінен 52 млн. теңге жұмсалады. Едендерді ауыстырып, кабинеттердің қабырғаларын сырлау, бейнебақылау жүйелерін орнату және шатырын дұрыстау қажет. Жалпы атқарылатын жұмыс жетерлік.»

Ставрополка ауылында халық саны 700-ге жуық. Болашағы бар, дамып келе жатқан елді мекендердің бірі.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар