ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

20:33, 22 шілде 2021

Бүгінде облыста 650 мыңнан астам мал бар. Оған 3 млн тоннаға жуық жем-азық қажет. Биыл маусым, шілде айларында болған құрғақшылықты сылтау етіп, сабан, шөптің бағасын қымбаттатып жібергендер бар. «Бұған жол бермеу керек. Орақ науқанынан кейін мүмкіндігімізше қуаңшылық жайлаған батыстағы ағайындарға да көмектесеміз», - деді облыс әкімі. Мал азығының бағасын түсіру мақсатында бүгін Есіл ауданының орталығы Явленка елді мекенінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Шараға аймақ басшысы Құмар Іргебайұлы қатысып, жергілікті диқандармен тілдесті.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Бүгінгі жәрмеңкеге 60 тонна шөп, 20 тонна жем және 25 текше метр отын әкелінген. Ұйымдастырушылардың айтуынша олардың басым бөлігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға төмен бағамен сатылады.  Айта өту қажет бұл шара - дәстүрлі.

Биыл көп фермер мен шабындығы бар кәсіпкерлер мауысм, шілде айларында болған аптап пен құрғақшылықты сылтау етіп, шөп тапшы деп оның бағасын қымбаттатып жіберген. 20-дан астам қойы мен бірнеше ірі қарасы бар  Явленка елді мекенінің тұрғыны Асхат Сағұлов ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатқанын есітіп, бірден орталыққа келіпті. Айтуынша мұндай бағамен жем-азық табу қазір мүмкін емес.

АСХАТ САҒҰЛОВ, ЯВЛЕНКА ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Жем-азық алуға келдім. Қойларым қазір жайылымда. Қысқа әзірлік керек. Маған 4 тоннаға жуық шөп қажет. Қазір кезекте тұрмын.

Жәрмеңкеге келіп, жергілікті аграрийлермен тілдескен облыс әкімі Құмар Іргебайұлы биыл облыс тұрғындары жем-азықтан таршылық көрмеуі керек деді. Сондай-ақ мал азығының бағасын көтермеуді тапсырды.

ҚҰМАР АҚАСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Шөптің бағасы былтыоғы бағамен сатылу керек деп есепдеймін. Біз барлық шаруа қожалықтардың шығынын есептей келе, шөптің тоннасын 15 мың теңгеден саудалау керек деген шешімге келдік. Бір ірі қараға қысқы мезгілінде 1,5 тонна шөп кетеді. Пай иесі болсын, қарпайым тұрғын болсын осы нормаға сай сатылуы керек.

Отынның текше метрі былтырғыға қарағанда 500-700 теңге шамасында қымбатаған.

ВАЛЕРИЙ СОКОЛОВСКИЙ, «ЕСИЛЬСКОЕ» ОРМАН ШАРУАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Отынның бағасы арақашықтыққа қарай әртүрлі. Мысалы жақын маңдағы ауылдардан тапсырыс түссе оларға арзандау, ал, шалғайда елді мекендерге қымбаттау бағамен жеткіземіз. Бұл жерде жанармайдың бағасы есепке алынады.

Аймақ басшысы отын бағасын тұрақтандыру керектігін айтып, бұл мәселені өз бақылауына алатындығын жеткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта орман алқаптарын ағаштан түрлі өнім шығаратын кәсіпкерлерге беру қажеттігін баса айтты. «Өткен аптада облыс аумағында бір айлық мөлшердегі жаңбыр жауып, егіншілікке зор пайдасын тигізді. Тиісінше биыл жемшөп жетіспеушілігі сынды проблема болмауға тиісті. Барлығы біз жоспарлағандай болса, орақ науқанынан кейін жерін қуаңшылық жайлаған Батыс Қазақстандық ағайындарға да қол ұшын созуды жоспарлап отырмыз», - деді өңір жетекшісі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Орақ науқаны басталғаннан кейін көрерміз. Қазір өтініш түсіп отыр. Батыс Қазақстан облысына көмек жасауды жоспарлап отырмыз. Бірақ оны орақ науқанының нәтижесі көрсетеді.

Алдағы аптада облыстың басқа аудандарында да осындай жәрмеңкелер өткізілмек. Мақсат, қарапайым халыққа қысқа қамдануына мүмкіншілік жасау.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...