ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

20:36, 23 мамыр 2022

Қоғам белсендісі және Тайынша ауданының тұрғыны Виталий Червинский Ясная Поляна ауылының тұрғындарымен кездесті. Ол халыққа Конституциялық референдумның маңыздылығын түсіндіріп, маусымның 5-і күні сайлауға белсене қатысуға шақырды. 

Ясная Поляна ауылының тұрғындарымен кездесу барысында Виталий Червинский елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш рет өткізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ оның мақсаты мемлекеттік басқару механизміне өзгерістер енгізуге, саяси және құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

ВИТАЛИЙ ЧЕРВИНСКИЙ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі өзгертілетіні әрине тұтас ел үшін маңызды оқиға. Маусымның 5-не жоспарланған референдумда Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. Біз қоғам белсенділері бола тұра өзгерістер туралы қарапайым халыққа жеткізіп, түсіндіріп жүрміз. Ауыл тұрғындарының азаматтық ұстанымы берік екен. Барлығы бір ауыздан референдумды қолдаймыз деп жатыр. Бұл қуантарлық жайт. 

Бүгінгі таңда еліміз күрделі әрі ауқымды саяси өзгерістерден өтіп жатыр. Мұны ауыл тұрғындары да жақсы түсінеді. Олар Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» құру туралы ұсынысын қолдап, референдумға жұмыла ат салысамыз деп отыр.

ЮЛИЯ ГОЛУБЬ, ЯСНАЯ ПОЛЯНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Маусымның 5-і күні өтетін Конституциялық Референдумға ауыл болып қатысамыз. Бүгінгі күні тұрғындармен қоғам белсенділері, депутаттар апта сайын кездесу өткізіп, бұл тарихи оқиғаның маңыздылығын түсіндіріп жатыр.Сол себепті біз өз және бала-шағамыздың болашағы жарқын болсын деп Президентіміздің барлық бастамаларын қолдаймыз.

Референдум – уақыт талабы. Мемлекет басшысының қоғамды либерализациялау және демократияландыру туралы шешімі Конституцияға түзетулер және Президенттік өкілеттілікті шектеу түрінде айқын көрініс алған.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...