Облыста соңғы жылдары кәсіпкерлер мал шаруашылығын белсенді түрде дамытып келеді. Қазіргі уақытта жылына 600 тонна сүт өндіріледі. Бұл республикалық көрсеткіштің 10 пайызы. Сонымен қатар, өңірде ет бағытындағы жаңа бордақылау алаңдары бой көтеріп, заманауи сүт-тауар кешендері салынып жатыр. Жақында ашылған фермалардың жұмысын біздің арнаның түсірілім тобы көріп қайтты.
Субсидия түріндегі мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы 4 жылдың ішінде біздің өңірде аграрийлер 22 заманауи сүт-тауар фермасын салды. Солардың бірі Айыртау ауданы Красное ауылында орналасқан. Шаруа қожалығы мал шаруашылығымен 8 жылдан астам уақыт айналысады. Өткен жылы мұнда 600 басқа арналған 2 жаңа кешен салынды. Мұнда өткен жылы Украинадан сиырлар әкелінді. Бүгінде олар күніне орташа 23-24 литр сүт береді.
РУСЛАН ҚҰСАЙЫНОВ, "ПРЕКРАСНОЕ" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұл кешенде Украинадан әкелінген 400-ден астам сүтті голштино-фриз тұқымы ірі қарасы бар. Оларды бірге келген ветеринар маман тексерді. Қазіргі уақытта кешенде 2 малшы, 3 сауыншы бар. Сиыр сауу толығымен автоматтандырылған.
Өткен жылы пайдалануға берілген тағы бір кешен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Привольное ауылында орналасқан. Кәсіпкер Манат Ғабдуллин оның құрылысына шамамен 2 млрд теңге жұмсады. Кәсіп бастауға қажетті қаржының жартысын өз қалтасынан, ал жартысын несиеге алған. Әзірге ферма тек 640 басқа шақталған. Дегенмен кәсіпкер қожалықты кеңейту шараларын бастады. Бәрі ойдағыдай болып жатса жақын арада мал басын мыңға дейін жеткізу жоспарда бар.
МАНАТ ҒАБДУЛИН, "АСТЫҚ-ПРИВОЛЬНЫЙ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Егер сіз жақсы жұмыс істейтін болсаңыз, бұл тиімді кәсіп. Өсімдік шаруашылығында кей жылдары өнім болмай жаста, мал шаруашлыығында ондай жоқ. Төлді жылда аламыз. Жыл бойы жұмыс бар. Қазір бұл жерде 45 адам еңбек етіп жүр. Еңбекақыларын уақытылы алады. Бір бас 25 литрдан артық сүт береді, малдың 90 пацйыхы төлдейді.Пайдалы кәсіп.
Биыл өңірде сүт кешендерін салу жұмыстары жалғасады. Айта кету керек, биыл 11 ферма тұрғызылады. Жалпы алғанда олардың құрылысына 20 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Олардың 8-і биыл аяқталады деген жоспар бар.