ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

20:40, 24 мамыр 2022

Мамлют ауданының Краснознаменское ауылдық округінде қызметтік тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункті ашылды.    Сонымен қатар, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін учаскелік инспекторға  "Ravon Nexia" жаңа автокөлігінің кілті табысталды.

 Краснознаменское ауылдық округіне - Краснознаменное, Калугино, Беловка секілді үш елді мекен кіреді. Мыңнан астам тұрғын бар. 2020 жылдың сәуір айынан бастап аталған ауылдық округке тәжірибелі учаскелік инспектор Бақытжан Смайылов қызмет көрсетеді. Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Краснознаменное ауылында учаскелік инспектор үшін қызметтік тұрғын үйі бар заманауи кеңсе салынды.

БАҚЫТЖАН ЫСМАЙЫЛОВ, МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Мамлют ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қоғамдық орындарда 14 камера орнатылған. Орта мектептегі 32 камера да солай қосылған Менде округте үш ауыл бар. Беловка ең алыста, одан жақындау Калугино, ортада Краснознаменный ауылы орналасқан. Шақыртулар болса, барамыз, тексереміз. Шаралар қабылдаймыз.

 Жаңа учаскелік пункт Краснознаменное ауылы, Конституция көшесі, 1 «А» мекен жайы бойынша орналасқан. Үйдің жалпы аумағы - 100 шаршы метр. Кеңсе компьютерлік техника, телефон және жиһазбен жабдықталған. Учаскелік инспектор азаматтарды демалыссыз сағат таңғы 9-дан кешкі 11-ге дейін қабылдайды.  Учаскелік полиция пункті өткен жылы Уәлиханов ауданында да ашылды.

 АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ,  СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

- Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы (Енді міне осы учаскелік полиция пунктін ашқалы бері, полиция қызметкеріміз 24 сағат бойы осы орында, мекенжайында тұрады. Азаматтар оған келіп, арыздануына болады. Ал, біздің қызметкертез арада оларға көңіл бөліп, шешім қабылдайды. Сол үшін арналып ашылып жатыр.

Учаскелік полиция пункті ашылған күні Мамлют ауданының бірқатар тұрғындары полиция департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін учаскелік инспектор Бақытжан Смайыловқа "Ravon Nexia" жаңа автокөлігінің кілті табысталды.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...