ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫ НАЗАРДА

13:03, 14 қыркүйек 2021

Облыстық мәслихат депутаттары Жамбыл ауданына қарасты Қайранкөл ауылына барды. Елді мекенде мәдени-демалыс орталығы бой көтеріп, оның құрылысына 128 млн теңге қаржы жұмсалды.  Ал еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушыларға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша биыл тұрғын үйге 400 млн-ға жуық теңге бөлінді. Ауданның әлеуметтік саласының дамуы туралы әріптесім толығырақ баяндайды.

Қайранкөл ауылында мәдени-демалыс орталығы ашылды.  Жобаның құны 128,5 млн.теңге. Мұнда жаттығу залы, ауылдық кітапхана, конференц зал, демалыс бөлмесі, әдіскер кабинеті, бильярд залы, балалар ойын бөлмесі орналасқан.

 МАХАББАТ ЗІКІРИНА, ҚАЙРАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

"Еңбек" бағдарламасы аясында Жамбыл ауданында 2019 жылы жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар үшін 17 тұрғын үй, ал 2020 жылы 44 баспана сатып алынды. Биыл 46 үйге 375 млн.850 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА,  ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Біздің ауданда Пресновка елді мекенінен бөлек, Қайранкөл трассасы бойынша жаңа жолдар салынды. Бұл адамдардың әл-ауқатын жақсартуға арналған инфрақұрылым. Сонымен қатар бүгін біз ауданымызға жаңадан қоныс аударған тұрғындар үшін салынған үйлерге барып қайттық.

Ауданда белгілі ақын әрі қолбасшы болған Қожаберген жыраудың мазары бар. Делегация өкілдері мазарға барып, әйгілі жыраудың рухына тағзым етті. Сонымен қоса депутаттар Майбалық ауылына баратын жол учаскесін де көрді.  Жөндеу жұмыстарын  "Новинтех" ЖШС жүзеге асырып жатыр.

Ал Благовещенка ауылында жалпы білім беретін мектеп пен балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биотынмен жылытатын қазандық та орнатылыпты.

Әміре Ақбатай

 

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...