ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

20:36, 4 шілде 2022

«Есіл су» кәсіпорны Есіл ауданы Петровка ауылының тұрғындарына көмек көрсетті. Филиал директоры, облыстық мәслихат депутаты Қанат Асқаровтың бастамасы бойынша көмекке мұқтаж екі отбасының үйін орталықтандырылған су жүйесіне қосты. Таза ауызсудың шарапатын көре бастаған ауылдықтар қол ұшын бергендерге өз алғыстарын жаудырды.

Сапаровтар әулетінің Петровка ауылында тұрып жатқанына 20 жылдың жүзі болған. Отағасы күзетші болып жұмыс істесе, отанасы бала күтімімен үйде. Ерлі-зайыптылар балалардың болашағын қамтамасыз ету үшін мал сатып алған. Төрт түлікті суару үшін үй маңында су құбыры болмағандықтан отбасы бұл мәселемен жергілікті билік өкілдеріне жүгінген. Бірақ, олар құбырды «өз ақшаларыңызға өткізіңіздер» деп сөзді қысқа қайыра салған. Кейін облыстық мәслихат депутаты Қанат Асқаровтан көмек сұрауға шешім қабылдаған. Нәтижесінде халық қалаулысы бұл сұрақты аз уақыттың ішінде шешіп берген.

 АЛТЫНАЙ САПАРОВА, ПЕТРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Бұл мәселені екі күннің ішінде шешіп берді. Біз алғашында сенбеп едік. Қанат Асқаров мырза айтқан уәдесінде тұрды. Үйге су кіргізіп берді. Алғысымыз шексіз. Біздің 9 баламыз бар. Отбасымыз үлкен. Оларды асырау үшін мал сатып алдық. Енді өміріміз одан да жақсы жаққа өзгереді деген сенімдемін.»

 Айсұлу Қасенова- жалғызілікті ана. Екі мүгедек баласын өзі бағып отыр. Өмірдің қиыншылығына қарамастан ол өз күшімен үй сатып алған.  Үйде су болмағасын құдық та қазған. Бірақ бұл су жарамсыз болып шыққан. Кейін көмекке мұқтаж жан билік өкілдеріне жүгінген. Олар жұмысты 300 мың теңгеге бағалыпты. Бұл кезде көмекке облыстық «Есіл су» филиалының директоры Қанат Асқаров келген.

 АЙСҰЛУ ҚАСЕНОВА, ПЕТРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Мен билік өкілдерінен көмек сұрадым. Күту керек болды. Оның үстіне ақша да болған жоқ. Үйге су кіргізіп берген Қанат Асқаровқа алғыс айтамын. Су таза әрі дәмді.»

Осылайша таза ауызсудың шарапатын көре бастаған ауыл тұрғындары «Есіл су» филиалына алғыстарын жаударды. Филиал директорының айтуынша бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

 ДУЛАТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ «ЕСІЛ СУ» ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ДИСПЕТЧЕРІ:

«Біраз жұмыс істеліп жатыр. Ол кісі облыстық мәслихат депутаты. Ол ауылда өскен кісі. Халықтың жағдайын, ауылдың жағдайын біледі. Проблемалар барын біледі. Халықпен көп кездеседі.»

 Бүгінде Есіл ауданы Петровка ауылында 1 183 адам тұрады. Елді мекенде 372 аула бар. Оның 180-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылған екен.

 

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар