ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

АВТОБУСТАРДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ

20:39, 15 қыркүйек 2021

Қоғамдық көлікпен қатынайтындардың 75 пайызы жол ақысы үшін банк картасымен есеп айырысады. Сондай-ақ транспорттық картаны пайдаланады. Күннен-күнге электронды жүйені қолданатындардың қатары артып келеді. Осы орайда жолаушылардан жаңашылдықтың қаншалықты тиімді екендігін сұрап білдік.

Петропавлдағы қоғамдық көліктерге электронды билеттеу жүйесі енгізілгелі тұрғындардың 75 пайызы ақшасыз төлем жасауға көшкен. Бұл үшін жолаушылар СМС-аударым жасайды, банк қосымшасын, QR-код немесе арнайы жол жүру картасын пайдаланады. Бірақ, қазір жол жүру картасына қатысты тұрғындар тарапынан сұрақ көп. Халық оны пайдалануға қарсы емес. Тек олқылықтардың түзетілгенін тілейді. Автобустарға төлем жүйесін орнатумен айналысатын «Alem Pay» серіктестігінің өкілдері қазір бұл мәселенің мән-жайын анықтап, олқылықтарды жоймақ. Осы орайда мамандар тұрғындарға жол ақысын төлеу мен картаны толтыру ережелерін сақтауға кеңес береді.

БАУЫРЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, «ALEM PAY» ЖШС ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Транспорттық картадағы ақшаны Каспи банктің мобильдік қосымшасы арқылы тексересіз. Сондай-ақ, «SMSBUS Пассажир» бағдарламасы арқылы көруге болады. Ол жерде баланстан бөлек, қайда, қай күні жүргеніңізді де біле аласыз. «Alem Pay» сайтына кіріп те барлық ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Егер қандай да бір олқылықтар орын алып жатса, транспорттық картаның артқы жағында жазылған нөмірге хабарласу қажет дейді Бауыржан Құсайынов. Мамандар тұрғындардан тағы бір жайтты ескеруді сұрайды. Бұл әсіресе қолма-қол төлем жасайтын жолаушыларға қатысты. Ақшаны төлегеннен кейін  кондуктордан міндетті түрде  чекті талап етіңіз. Әйтпеген жағдайда сіз билетсіз жүрген жолаушы болып таныласыз. Ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Яғни, 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...