ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚЫМБАТТАДЫ МА?

20:35, 13 қаңтар 2021

Облыс орталығындағы ірі сауда орындарының бірінде бірінші кезектегі азық-түлік өнімдерінің құнына мониторинг жүргізілді. Оны «Қызылжар- адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталығының өкілдері мен бірлесе отырып ұйымдастырды. Тексеру барысында қандай да бұзушылықтар мен олқылықтар анықталды ма? Әріптесім Нұрбол Балғабеков жалғастырады.

Петропавлда тұрақтандыру қорына бірінші кезектегі тауарларға ұн, күнбағыс майы, нан және басқа да 19 түрлі азық-түлік  кіреді. Оның бағалары басқа өнімдерге қарағанда арзан. Ал оның көтерілмеуін «Қызылжар- адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталығының өкілдері мен қоғам белсенділері қадағалайды.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Бүгінгі күнде бұл салада ешқандай нарушение жоқ деуге болады. Бағалары бәрі тиімді деуге болады. Мысалы, жеміс-жидектерге қарасақ, тұрғындарға выбор бар. Мысалы, 150 теңгеден немесе 80 теңгеден алуға. Байқауымызша кейбір жерде тағамдардың арасында «Солтүстік» деген атауы жоқ екен. Сондықтан біз осындай жасадық, бұл мәселені шешу үшін. Олар осы мәселені қазір шешеміз деді.»

Бүгінде тұрақтандыру қорындағы бірінші сұрыптағы ұн-248 теңге, қант- 215, ал, жұмыртқа 300 теңге болып бекітілген. Ал күнбағыс майының құны- 420 теңгеден саудалануда. Алайда, шаһар тұрғындары азық-түлік тауарларының бағасы айтарлықтай шарықтағанын айтып отыр.

- «Күнбағыс майының бағасы өсті. Бұрын осы өнім түрін 450-480 теңгеден сатып алып жүрдім. Ал қазір 1000 теңгеге дейін көтеріліп кеткен. Бұл солтүстік үшін тым қымбат. Ал басқа азық-түлік тауарлары өзгеріссіз қалған сияқты.»

 - «Жұмыртқаның бағасы қанағаттанарлық. Бүгін мен осы өнімді 300 теңгеге сатып алдым. »

Негізі тұрақтандыру қорындағы азық-түлік Петропавлдағы 20-дан астам сауда нүктесінде сатылады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
17:22, 5 наурыз 2021
КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 186 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
17:15, 5 наурыз 2021
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 186 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
17:15, 4 наурыз 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...