ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМІНІҢ САПАСЫ ҚАНДАЙ?

17:16, 27 наурыз 2020

Дүкен сөрелеріндегі көкөністердің сапасына қалалықтардың көңілі толмай отыр. Жуырда ғана «Қызылжар – адалдық алаңы» мамандары Петропавлдағы азық-түлік сататын сауда орталықтарын аралап, мониторинг жүргізген болатын. Тұтынушылар мен сатушылар дүкендерге   өнімдер бүлінген күйде жеткізіледі деп шағымданған еді. Мұндай фактілердің бар-жоқтығын біліп қайтқан әріптесім Аманжол Нұртазин тарқатсын.

- Мы приехали проверять. Где и при каких условиях хранятся овощи...

Әрине, көкөністер дүкен сөрелеріне жеткізілмес бұрын арнайы қоймада сақталады. Облыста мұндай 3 орын қарастырылған. Бірі «Радуга» серіктестігінің азық-түлік қоймасы. Мұндағы  5 камерада тауардың 4 түрі сақталады.

РОЗА ТАСТАМБЕКОВА, «СОЛТҮСТІК» ӘКК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтыр қоймаға 450 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 200 тонна қырыққабат пен соншама пияз жеткізілді. Соңғысы Қазақстанның басқа өңірінен әкелінеді. Қалғаны жергілікті кәсіпкерлер өсірген өнімдер.

Бүгінде қоймадағы көкөністердің тең жартысы Петропавлдың сауда орындары мен жақын аудандардың дүкендеріне жеткізілген. Тиісті тауар тапсырыс бойынша қажетті жерге жөнелтіледі. Ал егер өнімнің сапасына келер болсақ, әр көкөністің түрін сақтау талаптары белгіленген.

ВЛАДИМИР МИХАЙЛЕНКО, «РАДУГА» ЖШС ҚОЙМА ЛОГИСТИКАСЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әр көкөністі сақтаудың температуралық режимі бекітілген. Мысалға алсақ, картоп 3,5 және 4 градуста сақталады. Мамандарымыз өнімнің сапасын тексеріп отырады. Тауардың бүлінгенін ажыратып, сапалы көкөністерді   қажетті сауда орындарына жеткіземіз.

Айта кету керек, ақпан айында жергілікті қоймадан Петропавлдың сауда орталықтарына 27 тоннаға жуық картоп жіберілсе, төтенше жағдайдың енгізілуімен наурыздың соңғы 5 күнінде ғана  дәл осыншасы  дүкендер мен базарларға жеткізілді.

ВЛАДИМИР МИХАЙЛЕНКО, «РАДУГА» ЖШС ҚОЙМА ЛОГИСТИКАСЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде сақталатын көкөністің қалған 3 түріне сұраныс жоғарылаған жоқ. Тек картоп   әдеттегіден көбірек сұратылып жатыр.

«Қызылжар – адалдық алаңы» өткізген мониторинг барысында көкөністердің сапасына күмән келтіретін фактілер анықталған жоқ. Барлық сақтау талаптары нормаға сәйкес болып шықты.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар