ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАЙЛЫҚ – ЖЕРДЕ, БАҚЫТ - ЕҢБЕКТЕ

13:00, 21 маусым 2022

Өңір экономикасының негізгі саласы-ауыл шаруашылығы. "Намыс" аграрлық-өнеркәсіптік кәсіпорны Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ірі шаруашылықтарының бірі. ЖШС 1998 жылы құрылған, негізгі бағыттары  - өсімдік және мал шаруашылығы. Ірі қара мал өсірумен 2014 жылдан бастап айналысып келеді, бүгінде сиыр саны 1000 -ға жуықтаған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мал шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінген. Елімізде жайылымдық жерлердің жеткілікті болуы бәсекеге қабілетті және экологиялық таза өнімді өндіруге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда "Намыс" ЖШС-де 1000-нан астам ірі қара мал бар.

 ИРЕК ХАЙБРАХМАНОВ, МАЛ ФЕРМАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Біз етті ірі қараны өсіреміз.  2014 жылы 200 герефорд қашарын сатып алдық, қазір одан көбейген төлді сатып жатырмыз. Біз өзіміз өсіріп, көбейтеміз, қазір 400-ден астам сиыр бар.  Қазіргі мәселе – жұмысшылардың жетіспеушілігі.

"Намыс" ЖШС өсімдік шаруашылығымен де айналысады. Жалпы 19 мың гектар алқабы бар, оның 17 мың га жыл сайын егіледі. Тағы 2 мың га парға қалады. Қазіргі таңда алқаптар арамшөпке қарсы дәріленіп жатыр.  Фермерлер өз ісінде мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолданады.

АЛЕКСАНДР КАСЬЯНЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, "НАМЫС"ЖШС БАСШЫСЫ:

- Мемлекеттен көрсетілетін қаржылай қолдау көп. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия бар, тұқым, гербицидтерге қаржы бөлінеді. Бұл шаруаларға айтарлықтай қолдау.

 Ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмысшыларын да назардан тыс қалдырмай, жағдайларын жасауға тырысады. Олар да өз кезегінде үмітті  ақтауға тырысады.

НИКОЛАЙ ГАРКУША, ТРАКТОР-ЕГІС БРИГАДАСЫНЫҢ БРИГАДИРІ:

- Мен осында туып өстім. Еңбек өтілімді осы бригадада механизатор болып бастадым, кейін шебер болдым, ал 19 89 жылдан бастап бригадир болып жұмыс істеп келемін. Жұмысым ұнайды, қазір анағұрлым жеңіл, өйткені техника жаңа, заманауи.

 Орақ қорытындысы бойынша серіктестік жұмысшыларына сыйақы беріледі. Сондай-ақ шаруашылық жұмысшыларына жем-шөппен де көмектеседі екен.

 

Алдияр Жылкайдаров

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар