ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ ТЕГІН КУРС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

17:20, 13 қазан 2021

"Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығы бетті әрлеу бойынша тегін курстар өткізеді. Шараға мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, көп балалы және жалғыз басты аналар, сондай – ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан әйелдер қатыса алады. Оқу 3 күнге шақталған.

"Бақытты отбасы" халықтың әлеуметтік осал топтарына заң тұрғысынан көмек көрсетіп қана қоймай тегін кеңес береді. Орталықта заңгерлер, тәрбиешілер мен психологтар жұмыс істейді. Мамандар тұрақты түрде жан-жақты көмек көрсетуге тырысады.

ВИТАЛИЙ ШЕМИНГ, "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Ұқсас орталықтар басқа аймақтарда да бірнеше жыл жұмыс істейп келеді. Бізде ол осы жылы шілде айынан бастап ашылды. 4 ай ішінде бізге 1.5 солтүстікқазақстандық жүгінді. Біз тегін курстарды жиі өткізуге тырысамыз. Оларды тұрақты негізде ұйымдастырғымыз келеді. Бұған дейін де бірнеше курстар өткіздік.

Бүгін орталық макияж және визаж бойынша курстар ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, көп балалы аналар, жалғыз басты аналар – олардың барлығы бетті әрлеу шеберлігін үйрене алады. Оқытушы - сертификатталған және кәсіби маман -Олеся Плессер.

ОЛЕСЯ ПЛЕССЕР, ОҚЫТУШЫ:

-  Бүгін біз визажист мамандығына оқып жатырмыз. Бұл одан әрі қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. Оқу сабақтары 3 күнге шақталған. Бірінші күн-теория,  кейін модельдерді бояймыз. Соңында мен курс түлектерімен келісімге отырамын.

БОТАГӨЗ СӘДУ, КУРСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Мен курс туралы әлеуметтік желілер арқылы білдім. Әрқашан жаңа бір дүниені білгім келіп тұрады. Бұл туралы армандайтынмын. Мен өзім үшін және жақындарым үшін негіздерді білгім келеді.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болады. Бұл түлектердің Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...