ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРДЫ ОРМАНШЫЛЫҚ ІСІМЕН ТАНЫСТЫРУ

13:02, 21 шілде 2022

"Красный бор" қорығында балалар үшін ерекше экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара  барысында балалар орман жануарларын, сондай-ақ қорықшының жұмысының маныздылығын көрді. Танымдық кездесудің мақсаты-орман шаруашылығы мамандықтарын кеңінен насихаттау.

Экскурсияға облыстың түкпір-түкпірінен 80-ге жуық бала қатысты. Қорыққа сапар шеккен жасөспірімдер орманда елік, марал, қабанды көрді. Өңірде 600-ден астам адам жануарлар дүниесі мен орман шаруашылығын қорғаумен айналысады. Балаларға мәртебелі мамандық жайында, олардың атқаратын жұмысы туралы айтылды.

ЕРЛАН ТӘШІМОВ, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі саласын кеңінен насихаттағымыз келеді. Бұл өз жемісін беретін күнделікті тынымсыз еңбек. Бұл 60 жыл бұрын пайда болған орман, "Рамазанов тоғайы" деп аталады.

Экскурсиядан балалар орманшылық жұмысының басты бағыттары – орманды өрттен, зиянкестерден, браконьерлерден және орман заңнамасын бұзушылардан қорғау керек екенін білді. Ағаш алқаптарын қорғаумен қатар елдің орман байлығын сақтау мен көбейту, және де қорды қалпына келтіру маңызды міндет болып табылады.

40 жыл ішінде қорықтағы маралдардың саны 20-дан 1500 ға дейін өскен. Жазда жануарларды жақыннан  көру мүмкін емес, ал қыс мезгілінде маралдар азық іздеп келеді. Жем-шөп салғыштардың манында жүреді. Бұл аймақ фаунаға ғана емес, таңғажайып флораға да өте бай.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар