ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ

13:02, 3 маусым 2022

Петропавлда Әйелдер күштерінің альянсы «Қызылжар аналары» қоғамымен біреселе отырып 1 маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік акция өткізді. Іс-шараға жалпы алғанда  45 – ке тарта, 6-дан 14 жасқа дейінгі бала келген. Мереке  барысында балдырғандар  түрлі ойындар мен викториналарға қатысты. Әріптесімнің сюжетіне назар аударайық.

Карантиндік шараларға байланысты дәстүрлі акция 2 жыл бойы өткізілмеген. Биыл «Қызылжар аналары» қоғамының мүшелері көпбалалы отбасыларды қамтып, олардың балаларына мереке ұйымдастырды.Әйелдер күштері альянсы демеушілік жасаған.  Болашақта жалғызбасты аналарға материалдық көмекпен қатар, ақпараттық қолдау білдірмек. Ал балалары үшін түрлі шеберлік сағаттарын ұйымдастырмақ

МАРИЯ МАМОНТОВА,«ҚЫЗЫЛЖАР АНАЛАРЫ» ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 – Біздің ұйым 2017 жылдан ері жұмыс істейді. Бұған дейін ұйымды менің анам басқарған, қазіргі таңда көп балалы отбасыларға мен көмектесудемін.  Осындай мерекелер ұйымдастырумен қатар, қажет кезде демеуші тауып  материалдық жағынан да көмектесуге тырысамыз.

Аталған акцияға қатысқан ата-аналар мен балалар дән риза.Олар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 СВЕТЛАНА КАНДРИКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

 - Мен көп балалы анамын.Үлкен қызым 16 жаста, бұл қоғамда ұзақ уақыт бойы мүшелік етіп келемін. Қызылжар аналары қоғамының мүшелеріне осындай акция өткізіп отырғандарына алғысымды білдіремін.

– Мерекеге келгенім үшін өте қуаныштымын,маған барлығы қатты ұнады.

Іс-шара соңында балаларға кеңсе тауары дүкеніне сертификаттар, тәтті сыйлықтар табыс етілді. Сондай ақ мерекелік дастархан жайылды. Қызылжар аналары қоғамының қызметкерлері мұндай шараны жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырмақшы.

 

Алдияр Жылкайдаров

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар