ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ АКАДЕМИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

17:19, 13 маусым 2022

Петропавлда балаларға арналған жазғы академия жұмысын бастады. Оқушылар сарайында 5 пен 15 жас аралығындағы балғындар әртүрлі бағыттар бойынша  білімдерін шыңдай алады. Академия мақсаты талантты балаларды анықтап, олардың әрі қарай қарай дамуына жағдай жасау.  

ӘМІРЕ АҚБАТАЙ – ТІЛШІ

  • Жазғы академияда кішкентай бүлдіршіндердің жан жақты дамуы үшін түрлі сабақтар ұйымдастырылады. Мәселең дәл осы жерде балалар жаңа техникалармен танысу үстінде. Бұдан бөлек жеткіншектер шет тілі, информатика, биология салалары бойынша білімдерің шыңдайды.

Жазғы академия жаңа маусымда 177 баланы қамтымақ. Айта кету керек мұндай жазғы демалыс осымен 4 рет ұйымдастырылып отыр. Елдегі эпидахуалға байланысты тоқтап қалған жұмыс, араға екі жыл салып қайта ұйымдастырылып отыр. Оқытушылардың сөзінше мұндай іс-шара балалардың жазғы уақыттарын тиімді өткізуіне ғана емес, қай салаға ебі бар екенін анықтауға көмектеседі. Себебі балақайлар мұнда өздеріН барлық бағыттар бойынша сынап көреді.

НҰРЗИЯ МАЙЛИНА , ЖАЗҒЫ АКАДЕМИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Балалар барлық бағыттар бойынша сабақтарға қатыса алады. Атап айтқанда работотехника, кеме модельдеу, сәнді қолөнер, сандық қолөнер және 3 Д модельдеу сынды қызықты үйірмелер бар. Барлық салада өзің тексеріп көргеннен кейін балада ғылымның бір саласна қызығушылығы туындаса, оны әрі қарай дамытқымыз келеді. Мақсатымыз жасөсіпірмдердің талантын ашу.

Бір цикл 10 күнді қамтиды. Балалар екі ауысымда оқытылады. Сонымен қатар биыл балалар демалысын ұйымдастыруға куратор ретінде студентер көмектеседі. Назым Тұрсынбаева жеткіншектерге химия үйірмесінен сабақ береді. Мектепте әлі бұл пән оларға оқытылмаса да , ұстаздың міндеті жеңілдетілген түрде бұл пәнге қызығушылықтарын ояту.  

НАЗЫМ ТҰРСЫНБАЕВА , ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫ:

Бүгін ашылған жазғы академия , тамыз айының ортасына дейін жалғасады. 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар