ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

17:29, 28 мамыр 2020

1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінің мамандары есепте тұрған және бұрын сотталған азаматтардың  үйлеріне барып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстады. Облыстық волонтерларды қолдау орталығымен бірігіп атқырылған қайымырымды шара көпбалалы үйелмендерді қамтыды. Бүгінде шаһар бойынша осындай 10-нан астам отбасы бар. Мерекеге дейін мамандар тағы бірнеше шаңырақты аралап, балаларға базарлық үлестірмекші. 

Даурия Абуталина үш баланың анасы. Тұңғышының жасы 16-да, ал кішісі әлі екіге толмаған. Кезінде шалыс басып, сотталған. Бірақ кәмелет жасына толмаған перзенттерінің бар екені ескеріліп,  азаматшаға жазасын бостандықта өтеуге мүмкіндік беріліпті.

ДАУРИЯ АБУТАЛИНА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Жалғыз басты анамын. Жұмыс істеп, азғантай табысыммен отбасымды асырап отырмын. Мемлекеттен жәрдемақы берілмейді. Мен ешкімнен көмек сұраған жоқпын, деседе ұмытпай базарлықпен келгендеріне ризамын.

Ал Валентина Федаровичтің бес перзенті бар. Ұрлық жасап сотталып, түрмеге түсті. 3 айын темір торда өткізіп, балаларына күйеуі бас-көз бола алмаған соң, пробация қызметі бөлімінің есебіне алынып жазасын шартты түрде өтеп жатыр.

ВАЛЕНТИНА ФЕДОРОВИЧ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Жасаған қылмысыма өкінемін. Кішкентайларым үшін тура жолға бағыт алдым. Инспекторымыз жақсы кісі, әрдайым үйге келіп қал жағдайымызды біліп тұрады. Алда мереке, сыйлық балалардың көңілінен шықты.

Облыстық ҚАЖД қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде қазір 10-нан астам көп балалы отбасы тұр. Әр мереке сайын мамандар олардың үйлеріне кіріп жағдайларын сұрап, балаларына базарлық үлестіруді дәстүрге айналдырған.

ДИНА ТОҚБАЕВА, СҚО ҚАЖД ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Президентіміздің жарлығымен 2020 жыл «Еріктілер» жылы деп бекітілді. Сондықтан облыстық волонтерларды қолдау орталығымен бірігіп, есепте тұрған көп балалы отбасыларға қаржылай және материалдық көмек береміз деп шештік.

Облыстық волонтерларды қолдау орталығы 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауқымды жоспар құрыпты.

ЛИЛИЯ ГИЗАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Волонтерларды қолдау орталығы көп балалы отбасыларға жүйелі түрде көмектесіп отырады. Киім-кешек, азық-түлік, басқа да тұрмыстық заттар мен ойыншықтар жинап, үй-үйге кіріп таратамыз. 1 мауысм күні балалар ауылына барып концерттік бағдарлама ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Қалалық пробация қызметі бөлімінің мамандары 1-ші мауымға дейін тағы бірнеше отбасының балаларына сыйылқ үлестіруді жоспарлаған.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...