С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қоры тың туындылармен толықты. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, драматург - Баянғали Әлімжанов мекемеге өзінің кітаптарын сыйға тартты.
Олардың арасында тіпті әлемде жайылған короновирус індетіне қатысты жазылған өлеңдер жинағы да бар. Поэмада індетпен күрескен дәрігерлердің жұмысы, пандемия кезіндегі қиындықтар бәрі әдемі, әсерлі етіп жазылған. Жалпы Баянғали Әлімжанов лирикалық, философиялық өлеңдер мен елуге тарта поэма, оқиғалы жырлардың авторы.
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ:
- Атақты «Манас» жырын қазақшаладым ғой. Соны әкелдім. «Пандемия» деген поэма жазғанмын. 2-3 жылғы қасірет туралы. Сол кітапты тартулап отырмын. Және «Сказ столетнего степняка» деген орыс тілінде шыққаны романым ағылшын тілінде басылып шықты. Соның бірер данасы қолыма тиген. Соның біреуін елге естелік болсын деп әкеліп отырмын.