ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТ ӨТТІ

17:20, 22 маусым 2022

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде журналистер күні қарсаңында бейнелеу өнерінен шеберлік сағаты өтті. Оған өңіріміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, таңдаған тақырыптарында сурет салды.

АЛМАГҮЛ ТАСТАНОВА, ТІЛШІ

- Адам жан дүниесінің бір өрнегі бояулар арқылы қағаз бетіне келіп түскенде кімді болмасын толғандырып, не еріксіз көз жасқа қалдыратыны анық. Үнсіздіктің ауыр жүгін арқалайтын бұл көркем өнер әлемге бірталай сұлулықты аманат етті. Төрт құрлық мойындаған Леонарда да Винчи, Сальвадор Дали, Пабло Пикассо сияқты суретші болу біреудің асқақ арманы болса керек. Ал өзіңді суретші ретінде сынап көру қашанда кеш емес.

 Қағаз-қаламды, микрофонды жандарына серік еткен журналистер бүгін өздерін суретші ретінде сезіне алды. Іс-шараны БАҚ өкілдеріне кәсіби мереке қарсаңында Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Тілшілерге өнер пәнінің  ұстазы Әлия Молдахметова шеберлік сағатын өткізді.

СӘУЛЕ МҰҚАНОВА, ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл іс-шараның мақсаты БАҚ өкілдерін келе жатқан мерекесімен құттықтау. Назарбаев зияткерлік дербес мектептері білім беру ұйымы өзінің барлық істеп жатқан шараларында үнемі өңіріміздің, жалпы еліміздің журналистерімен біте қайнасып жұмыс жасап жатады. Мектебіміздің оң ининджінің халық арасында  қалыпасуында үлестеріңіз орасын зор.

 Солтүстік Қазақстан Облыстық газетінің бөлім меңгерушісі Өмір Есқалидің бұл алғашқы тәжірибесі. осы күнге дейін суретшінің қылқаламын ұстап көрмеген. Бүгін терезе жақтауында тұрған гүлдерді қағаз бетіне түсірді.

ӨМІР ЕСҚАЛИ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

- 42 жыл қолыма жазу қаламын ұстап келдім. Бүгін алғаш рет сурет салу қаламын ұстап отырмын. Біздерге әртүрлі тақырыптар берді. Қызық екен. Ерекше ынтамен кірісіп кеттік. Фондар табу қиын боп шықты. Қолымыздан келгенше салып жатырмыз.

Шара соңында мектеп әкімшілігі тарапынан өңіріміздің БАҚ өкілдеріне  арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Алмагүл Тастанова

Тақырып бойынша материалдар

БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
20:42, 4 шілде 2022
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...