ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

17:19, 17 мамыр 2021

Солтүстік Қазақстан – арктикадан ұшатын құстардың миграциялық аялдамасы. қызыл кітапқа енген қанаттылар Теріскейге көктемде және күзде уақытша тұрақтайды екен. Ал, оларды зерттеу, бағытын анықтаумен жергілікті бердвортчерлер – әуесқой орнитологтар клубы айналысады. Әріптесім табиғат жанашыларларымен тілдесіп, ерекше сала мамандарының жұмысын көрді.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Көріп тұрғандарыңыздай менің қолымдағы сұр қаз. Бұл құстар қызылжемсаулы қараша қаз, шиқылдақ қаз және ақмаңдайлы қаздарды ұстау үшін қолданылады. Ол үшін бұл құстар аяқтарынан байланып, белгілі бір орынға таңылады. Жоғары да аталған қызылжемсаулы қараша қаз және  шиқылдақ қаз  қызыл кітапқа енгізілген.

Жіпке таңылған қазды осы топқа жататын құстар алыстан байқап, қасына келіп қонады. Осы сәтті пайдаланған вердвотчерлер оларды ұстап алып, аяқтарына немесе қанаттарына арнайы нөмірлері бар белігелер тағады да, бостандыққа жібереді. Бұл әрине ескі тәсіл. Заманның ағымына сай қазір жаңа құрылғылар пайда болған.

АЛЕКСЕЙ ТИМОШЕНКО, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІН САҚТАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ СҚО-ДАҒЫ ӨКІЛІ:

- Бүгінде бізде құстарға арнайы датчиктер тағамыз. Оның екі түрі бар. Мысалы мынау екі қанатына байланып, арқасына сөмке сияқты тағылады. Олар жасанды жер серігі арқылы толқын таратып, біз құстың миграциялық бағытын бақылап отырамыз. Бұл құрылғыны смартфонға теңеуге болады.

Бірақ олардың бағасы өте қымбат. Сондықта көбіне ескі тәсілге жүгінуге тура келеді. Мәселен құстардың аяғына арнайы нөмірлері бар сақиналар тағылады. Олар жеңіл металдан немесе пластиктен жасалады. Мамандардың айтуынша, олар саны азайып бара жатқан қанаттыларға датчиктер тағуға тырысады. Тағы бір маңызды жайт құрылғы құстың емін-еркін ұшуына кедергі келтірмеуі тиіс.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Мінеу мынау қолымдағы датчик Литва елінде шығарылған. Бұл құстардың мойынына тағылады. Салмағы өте жеңіл. Шамамен 16 грамды құрайды. Яғни құстардың ұшуына кедергі келтірмейді, Сондай-ақ мына арнайы панель арқылы күн сәулесінен қуат алады.

Бердвотчерлер тобының жектекшісі Иван Зубаньнің айтуынша бүгінде қызылжемсаулы қараша қаздардың саны әлем бойынша 100 мыңнан сәл-ақ асады. Бұл қаздардың басқа түрлерімен салыстырғанда өте аз.

 ИВАН ЗУБАНЬ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІН САҚТАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ СҚО-ДАҒЫ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз былтырдан бастап құстардың бағытын онлайн режимде бақылауға көштік. Қазір Азия және Шығыс Еуропа елдерімен тығыз байланыста жұмыс ітсейміз. Қызыл кітапқа енген құастардың аялдамаларын негізге ала отырып, сол аймақтарда күзет қызметін ұйымдастыру яғни қанаттылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырғуға тырысып бағудамыз.

Бердвотчерлер аңшыларға да сақ болуды ескертеді. Өйткені Қызыл кітапқа енген ақжақты қарашақаздар және шиқылдақ қаздар басқа қаздардың тобында ұшуы мүмкін.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...