ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БИОТОҒАН МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП ЖАТЫР

20:37, 21 шілде 2022

 Петропавл маңында орналасқан Биотоғанға бүкіл қаладан ағынды су келеді. Күн жылынысымен одан шыққан жағымсыз иіс ауаға тарап, тұрғындардың мазасын алып келеді.  "Қызылжар Су" ЖШС судың ғылыми-технологиялық орталығымен бірлесіп, мәселені жою үшін арнайы жобаны жүзеге асырып жатыр.

 "Бұл көктем бұрынғыдан өзгеше болды", – дейді Су ғылыми-технологиялық орталығының директоры Александр Рейбандт. Биотоғаннан тараған күкіртсутектің өткір иісін  кетіру үшін көлге 400 тоннадан астам хлорелла жіберілді. Бұл суды тазартатын балдырлар. Фотосинтез арқылы бұл өсімдік оттегін шығарады. Оларды тоғанға түпкілікті бекіту үшін шамамен үш жыл қажет. Жұмыстар қыс мезгілінде де жүргізілді. Мамандар екі апта сайын сынама алады. "Қызылжар Су" зертханасында да жағдайды қадағалайды. Айта кету керек, келесі жылы бұл жұмыс толығымен қалалық су арнасына беріледі. Олардың қызметкерлері қазір арнайы курстардан өтіп жатыр.

АЛЕКСАНДР РЕЙБАНДТ, СУ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Органикалық қалдықтарға оттегі жетпегенде олар шіріп, күкіртсутек бөледі.  Бұған дейін биотоған оттегі жоқ режимде жұмыс істеді, қазір мұнда оттегі мөлшері өте жоғары. Яғни енді жағымсыз иістің шығуы азаюы тиіс. Қазір ең бастысы - балдырларды тоғанға бекіту қажет, осылайша ол келесі жылы да суда оттегін бөліп, жағымсыз иістің шығуына жол бермейді.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар