ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БІР ҮЙ - БІР БІРЛЕСТІК – БІР ЕСЕПШОТ

17:22, 21 маусым 2022

ҚР «Тұрғын үй мәселелері» туралы заңына сәйкес 1 шілдеге дейін пәтер иелері кооперативтерінің орнына меншік иелерінің бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктер құрылуы тиіс. Көпқабатты үй иелерінің ортақ шешімімен басқарудың жаңа нұсқасына көшу өңірде де жүргізіліп жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда Петропавлдағы көппәтерлі тұрғын үйлердің 25-30 пайызы өзгерістерге қадам басқан.

Нұрсұлтан Назарбаев көшесі 183 мекен жайындағы көпқабатты тұрғын үй өткен жылдың шілде айында басқарудың жаңа нұсқасына көшті.  Меншік иелері бірлестігі төрағасының айтуынша оның бірқатар артықшылықтары бар, мәселен ескі жүйеде ортақ мүлікті басқарып, жөнге келтіру үшін 20-30 тұрғын үйлердің есепшоты бір болып, бір жүйеден басқарылып отыратын. Ал қазір бір үйге - бір бірлестік - бір есопшот жүргізіледі. Бұл әсіресе,  апаттық деп танылған тұрғын үйлерге қолайлы болып отыр.

ВИТАЛИЙ КУЛЬ, Н.НАЗАРБАЕВ КӨШЕСІ, 183 МЕКЕНЖАЙЫНДАҒЫ МИБ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл көппәтерлі тұрғын үйге екі шот жүргізіліп отырады. Бірінші ағымдағы шот болса, екінші жинақ шоты. Барлық жиналған қаражат осы үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалып, әр тиынға есеп беріледі. Үй айтарлықтай ескі болғандықтан жақында жылу құбырлары мен жер төлелерді жөндеуді бастаймыз.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар