ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

БИЫЛ ЕГІС НАУҚАНЫ КЕШ БАСТАЛУЫ МҮМКІН

17:15, 7 сәуір 2021

Облыста егіс науқанына қызу дайындық басталды. Диқандар техникасын жөндеп, жерге дән сіңіруге әзірленуде. Жалпы биыл 4 млн гектардан астам алқапқа егін егілмек. Бірақ, аграрийлер биылғы дала жұмыстарын былтырғыға қарағанда кешірек бастаймыз деп отыр. Өйткені алқапта әлі қалың қар жатыр. Бұл өнімділікке қаншалықты әсер етеді? Тілшіміздің бейнематериалы.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

  • Біз қазір Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылындамыз. Мұнда 300-ден астам үй түтінін түтетіп отыр. Халық саны 900-ден асып жығылады. Жалпы тұрғындардың тұрмыс жағдайы жаман емес. Олардың көпшілігі бау-бақша баптап, мал өсіреді. Ал, елдіңмекеннің 20 шақты тұрғыны болса жергілікті «Большая малышка» серіктестігінде еңбек етіп нәпақасын тауып отыр. Біз қазір аталған шаруа қожалықтың базасына барып тыныс тіршілігімен танысамыз. Сондай-ақ көктемгі егіс науқанына дайындығын көреміз.

2000 жылы ауыл азаматы Ерғали Ғабдуллин шағын шаруашылық құрып, өз ісін бастайды. Ескі трактормен қолындағы 180 гектар жерді игеріп бидай егеді. Уақыт өте мемлекет қолдауының арқасында егістік алқабын ұлғайтып, елді мекен тұрғындарын жұмысқа ала бастайды. Араға 21 жыл салып үлкен серіктестікке айналған. Бүгінгі таңда қожалықтың меншігінде 1000 га астам жері бар. Қазір серіктестік жұмысшылары көктемгі дала жұмыстарына дайындалып жатыр.

Бұл - Павел Капилюк. Ол қожалыққа осыдан бір жыл бұрын механизатор болып жұмысқа орналасқан. К-700 техникасын былтыр ғана күрделі жөндеуден өткізіп, қоғалтқышын жаңартты.  

ПАВЕЛ КАПИЛЮК, ЖҰМЫСШЫ:

  • Бұл техника егіс кешінен де асып түседі. Ішіне желдеткіш орнатылды. Егіс науқанына сақадай сай. Тек ауа райы қолбайлау болып тұр.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

  •  Шаруа қожалық базасында міне 10-ға жуық техника тұр. Олардың арасында ескілері де, жаңалары да бар. Жаңаларына тоқталар болсақ, мына Ресейде құрастырылған «Вектор» комбайндары. Серіктестік оларды былытыр мемлекеттің қолдауымен сатып алған. Енді міне, быил пайдаға жарағалы тұр. Жалпы шаруашылықта көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызған. Техникаларды жөндеу, әзірлеу жұмыстары шамамен 1 айға созылмақ. Содан соң сәтін салса мамыр айында жерге дән сіңіреміз дейді серкітестік басшысы.

Биыл облыста жауған қардың көлемі нормадан асып кетті әрі қыс қатты болды. Сондықтан жердің тоңы қалың. Тиісінше биылғы егіс науқаны жылдағыдан 10 күнге кеш басталуы ықтимал. Ал алқаптардағы қалың қар астықтың бітік шығуына, өнімнің мол болуына септеседі.

ЕРҒАЛИ ҒАБДУЛЛИН, «БОЛЬШАЯ МАЛЫШКА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

  • Өткен жылы біз 10 мамырда шыққанбыз. Быил енді бір апатаға кеш бастайтын шығармыз. 00:21 1300 га жуық жерімізх бар. Соған арпа, бидай және мал жем азық егеміз. Мамыр айында ауа райы қалай болатынын білмейміз. Мүмкін егін егуді уақытылы бастайтын шығармыз. Бірақ, дайындығымыз жүріп жатыр.

 «Большая малышка» серіктестігі былтыр алқаптарынан 1500 тонна бидай алған. Өніділік гектарынан 18 центнерді құрапты. Былтырғы құрғақшылықты еспке алсақ, бұл жаман көрсеткіш емес. Айта кету керек шаруа қожалығы алқаптарының басым бөлігіне арпа егеді, өйткені ірі қара өсіріп отыр. Осыдан 6 жыл бұрын Ресейден 80 бас асыл тұқымды қара-ала тайыншалар алып келген. Бүгінде олардың саны 300-ден асады.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

  • Ірі қараның бұл түрі күніне 25 литрге дейін сүт береді. Жем-азық таңдамайды, ең бастысы солтүстіктің климатына бейміделген. Бұлар етті болып келеді. Егер бордақыласаыңыз салмағы 400 келіге дейін жетеді.

Серіктестік күніне 2 тоннаға жуық сүтті «Маслодел» компаняисына өткізеді. Литрін 140 теңгнеден саудалайды, оған тағы мемлекет тарапынан 20 теңге субсидия қосылады. Бір сөзбен айтқан пайдалы іс. Шаруа қожалықтың алдағы жоспары - ірі қара санын 500-ге жеткізу. Егістік алқаптарын 2 мың гектарға дейін ұлғайту. Обылстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өкілдерінің айтуынша биылғы егіс науқанына арнап диқандарға 68,2 мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен беріледі. Одан бөлек фермерлерге 45 млрд теңгеден астам субсидия қарастырылып отыр.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
20:37, 19 сәуір 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІН 12 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:35, 19 сәуір 2021
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІН 12 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...