ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

"БОТАЙ ПЫРАҒЫ - 2022" ФЕСТИВАЛІ

20:36, 19 мамыр 2022

Халықаралық музей күніне орай "Ботай пырағы - 2022" фестивалі өткізілді. Жерлестеріміз Ботай тұрағында жиналып, сан жылдық тарихы бар жермен танысты. Көне қоныстағы баспананың ішінде тас дәуірінен сыр шертетеін жәдігерлер қойлвған көрме де ұйымдастырылды.

Тарихи мекен облыс орталығынан 250 шақырым қашықта орналасқан. Ботай қонысы Қазақстанның ғана емес, әлемнің археологиясын дүр сілкіндіріп, тарихқа жаңа деректер әкелді. Жылқының алғаш рет қазақ жерінде қолға үйретілгені белгілі болды.  «Ботай қонысы» — бүгінде Қазақстанның брендіне айналды. Ал,  бүгінде  халықаралық музей күнінде мұнда фестиваль ұйымдастырылды. Оған елімізідң әр жерінен келген азаматтар көп. Солардың бірі Асанәлі Сұраған. Ол фестивальға қатысу үшін Алматы қаласынан арнайы келіпті.

АСАНӘЛІ СҰРАҒАН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Тұрақтың ашылғанына 40 жылдай болды. Фестиваль 3-ші рет өткізіліп жатыр. 1983, 1990 және міне араға 30 жыл салып өткізілуде. Бұл жер мен үшін қасиетті. Ата-бабаларым осы жерді мекен еткен. Мақтан тұтамын.

Мұнда көрме де ұйымдастырылған.  Көне қоныстағы баспананың ішінде тас дәуірінің жәдігерлері қойылған. Сан ғасыр артқа сапар шектіретін экспонаттармен Диас Можғанов жіті танысып жүр.

ДИАС МОЖҒАНОВ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Маған бұл фестиваль қатты ұнап жатыр. Себебі, өткенге сапар шегіп, түрлі қызықты деректермен танысудамыз. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса жақсы болар еді. Себебі, әр жас өз тарихы мен салт-дәстүрін білуі тиіс.

 Бұл мекеннің тарихы тереңде. Осыдан 40 жыл бұрын археологтар осы аумақтан жылқы сүйектерінің қалдықтарын, керамикалық ыдыстар мен тұрақтар тапқан. Жәдігерлердің бірінде қымыз ДНК-сы анықталған. Бұл анализді даниялық зерттеушілер жасаған екен. Бұл бүкіл әлемге қазақтардың жылқыларды бірінші болып қолға үйреткендігін дәлелдеді.

РАҚАТ МАМБЕТАЛИНОВ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл фестиваль арқылы Ботай қонысы жайлы жастарға айтып, оның қадыр-қасиетін түсіндіргіміз келді. Іс-шара барысында қатысушылар ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігінің үлгісімен танысты. Сондай-ақ, тері мен керамикалық ыдыстарға және қазба жұмыстары болған жерлерде зерттеу жүргізіп, өздерін археолог маман ретінде сезіне алды.

Жалпы, бұл фестивальға кез келген жан келіп қатысты. Мұнда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жүрді. Әрқайсысы өзіне ұнаған дүниелермен танысып, жандарына жаққан іспен айналысты.:

- Бүгін әкем, тәтем және қарындасыммен Ботайға келдік.

- Маған қымыз істейтін жер ұнады. Сондай-ақ, садақ атып, найза лақтыратын алаң да көңілімнен шықты.

- Бүгін мінекей Ботайға келіп, отбасымызбен жақсы уақыт өткізіп жатырмыз. Балалар барлығын қызықтап қарап шықты.

Мұндай танымдық фестивальді Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының мамандары Халықаралық музей күніне орай жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...