ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БОЗОҚТАН БОТАЙҒА ДЕЙІН

20:42, 17 маусым 2022

Өңірге «Бозоқтан Ботайға дейін» атты экспедиция келді.     Оның мақсаты – Ақмола  облысындағы 1250 жылдық тарихы бар көне қалашық   пен  Қызылжар өңіріндегі    жылқы  малын  алғаш рет қолға үйретушілердің  бірегей қонысы   сынды жалпыұлттық маңызы бар археологиялық ескерткіштерді танымал ету, сондай-ақ Қазақстан аумағында экологиялық туризмді ілгерілету.  

Орман, тау-тас, өзен мен көлді асып сапар шеккен салт аттылар Солтүстік Қазақстан облысына да келіп жетті. Экспедиция елорданың іргесінде орналасқан ежелгі Бозоқ қалашығынан бастау алыпты. Нақтырақ айтсақ, аталған орынның 1250 жылдан астам тарихы бар. Ғалымдар ол жерден ғұн, сақ тайпалары мен Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген адамдардың сүйектері мен бұйымдық жәдігерлерді тапқан.

Клуб мүшелері бүгін Айыртау ауданында орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың кесенесіне ат басын тіреді. Мұнда олар еліміздің тәуелсіздігі жолында қан төккен ұлы бабаларымыздың рухына Құран бағыштап, дұға арнады. Еліміздің қасиетті орындарын аралаудағы мақсатымыз - халыққа Қазақстанның географиясын басқа қырдан көрсету, сондай-ақ, ұлан-ғайыр атырапты сақтап қалған аталарымыздың өмір жолын сезіну дейді клуб мүшесі Дидар Оралбекұлы.

ДИДАР ОРАЛБЕКҰЛЫ, «AT TRAVEL» САЛТ АТТЫЛАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ:

- Жаңбыр мен бұршақтың астында да қалған кездеріміз болды. Жол өте қиын. Қазір өркениеттің дамыған заманы болса да жай ғана атпен жүріп өту бізге ауыр екенін сезіндік. Ата-бабамыздың қалайша осындай аумақты қорғап қалғанына қайран қалдық.

Экспедиция барысында қатарға қолдау көрсетіп, жаңадан қосылып жатқан жандар да табылуда. Саян Байсейітов Ақмола облысының Зеренді ауданында тұрады. Бала күнінен аттың құлағында ойнап өссе де мұндай алыс сапарға алғаш рет шықтым дейді. Қазір ол 100 шақырымнан астам жолды басып өтіпті.

САЯН БАЙСЕЙІТОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ:

- Кеше жігіттер біздің ауылға келді. Қонақжайлығымызды көрсетіп, дәмнен ауыз тигізіп күтіп алдым. Қазір оларды қолдап саптарына қосылдым.

Қарасай мен Ағынтай батырдың кесенесінен кейін тұлпар тізгіндеген жандар Ботай тұрағына ат басын бұрды. Экспедиция сол жерде тәмамдалады. Жолдың жалпы ұзындығы - 450 шақырым. Айта кеткен жөн, ат туризмін дамыту мақсатында алдағы уақытта клуб мүшелері еліміздің батысы мен шығысына сапарға шықпақ ниетте.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар