ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫС

17:17, 24 қыркүйек 2020

Биыл облыста қарқынды құрылыс жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлердің біраз бөлігі мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтеруде. Бұл баспаналар алдымен әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға беріледі деп жоспарланған.

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл облысқа 17,2 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға жалдамалы пәтерлер және баспанаға кезекте тұрғандарға несие беру арқылы тапсырылатың үйлер тұрғызылып келеді.  «Жұмыспен қамту жол картасына » бөлінген 32 млрд теңгеге  мектептер мен  емдеу мекемелері, жолдар  жөнделді, жаңа емхананың және университет жатақханасының  құрылысы басталды.   

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, СҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Өткен жылықұрылысқа бюджет пен жекеменшік компаниялардың инвестицияларын жалпы санағанда жыл бойы  90 млрд теңге жұмсалса,  биыл бюджеттен ғана 90 млрд-тан астам қаражат бөлініп отыр. Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш.

Облыс орталығында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында көп салалы аурухананың құрылысы қызу жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстанда заманауи жабдықталған, озық үлгідегі емдеу мекемесін салуға түрік инвесторлары  қазақстандық «биайгрупп» компаниясымен қомақты қаражат құйды. Петропавлда 200  орынға щақталған тез тұрғызылатын инфекциялық аурухансын салу да қолға алынған. . 

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, СҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Іске асырылып жатқан  тағы бір ауқымды жобалардың бірі  - университет корпусының  құрылысы. Заманауи үлгіде салынатын ғимаратта толығымен жабдықталатын зертханалары болады.  Биыл бұл құрылысқа 1,5 млрд теңге бөлінген.  Игеру жұмыстары жоспар бойынша жүргізідіп келеді. 

Жалпы Петропавлда әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға арналып екі  93-пәтерлі , екі 128 пәтерлі, және үш 100 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. 

Анастасия ДРОНЯК

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ  ЖОЛ ҚОРШАУЫН СОҚТЫ
17:25, 27 қазан 2020
СҚО-ДА КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОЛ ҚОРШАУЫН СОҚТЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА БИЫЛ 31 ҮЙЕЛМЕН ҚОНЫС АУДАРДЫ
13:04, 27 қазан 2020
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА БИЫЛ 31 ҮЙЕЛМЕН ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...