ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

БҰРЫНҒЫ БИЛЕР СОТЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ – БҮГІНГІ МЕДИАЦИЯ

17:20, 13 мамыр 2022

Петропавлда алғаш рет Қазақстан Республикасы IMC ( ай эм си) билерінің  форумы өтті. Іс-шарада «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің билері экономикалық, отбасылық, азаматтық, әлеуметтік немесе еңбек даулары бойынша, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудегі дауларды реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Форум барысында Билер институтын дамыту жөніндегі мәселелерді талқылау, сондай-ақ облыс кәсіпкерлері үшін «Шарттық міндеттемелерді орындау» тақырыбына түсінік беру жоспарланған. Мұндай жиын алғаш ұйымдастырылып отыр.. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов те қатысты.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі заманда медиация сондай-ақ қоғамдық келісім жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге, қоғамдағы жанжалдар деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Бүгінде СҚО-да 17 медиация кабинеті жұмыс істейді. Көбінесе ол ҚХА-ның қарамағында. Барлығы 26 медиатор бар. Оның ішінде 220-сы қоғамдық, 6-уы кәсіби. Өткен жылдың өзінде 516 даулар мен жанжалдар шешіліп, 100-ден астам адам кеңес алды.

2011 жылы  ҚР-да «Медиация туралы» заң қабылданған. Оның атауын татуластыру, өзара келісу туралы Заң деп түсіну қажет. Ал, негізгі мақсаты – қоғамда азаматтар арасында дауласу деңгейін төмендету және оң шешімін сотқа жүгінбей-ақ табуға көмектесу. Өткізіліп жатқан форумның мақсаты да жұртшылыққа би деген кім, олардың атқаратын міндеттері қандай екенін түсініріп, жеткізу.

 ҚАЙРАТ ТӨЛЕКЕЕВ, ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ СЕНІМДІ ТҰЛҒАСЫ:

Көбісі білмейді әлі. Бірақ, бүгін мемлекет, Президент, Жоғарғы соттың төрағасы бәрі де бұрын 100 пайыз сотта шешілген дауларды бүгін 90 пайызын медиация арқылы шешуге болады деп. Сонда халық сотқа емес, билерге келу керек. Қоғам өзі дауласып, өзі шешеді дауды.

 Би болу үшін – медиацияның жалпы курсы мен халықаралық курсынан, ал одан кейін халықаралық арбитраж орталығындағы аккредитацидан өту қажет. Сондан кейін барып билер медиацияны дүниежүзі бойынша да өткізе алады. Осы және басқа да мәселелерді Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтау қаласынан келген билер облыстық әкімшілік, сот, прокуратура, полиция департаменті және аудандық әкімдер, кәсіпкерлер мен ауылдық ақсақалдарына түсіндірді.

 МҰСА ТҰРЛАНҰЛЫ, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ» РҚБ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:

Республикалық қоғамдық бірлестік халықаралық медиация орталығының билері, медиаторлары әр обылстың сайтында тіркелген. Сосын бізде реестер де бар. Ал, например сотқа жүгінген кезде тараптарына жанұя жағынан, мүлікті бөлу, ажырасу, баланың тұрақты жерін белгідеу. Сотқа жүгінсе, соот бізге жібереді оларды. Қазіргі заңға сәйкес, жақында медиация заңына толықтырулар мен өзгертулер еңгізілді. Соған сәйкес заңда бізге келеді. Бізде арыз жазады, сосын біз екінші тараппен сөйлесеміз, егер келіссе, медиация келісімін жасап береміз.

 «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінде қазір 1,5 мыңнан астам медиатор және 20 би бар.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...