ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ

20:44, 15 сәуір 2021

Қаланың «Былғары зауыты» ауданы қоқыс құрсауында қалды. Жауапты  мекемелер үйілген тұрмыстық қалдықтарды шығарудан бас тартып отыр. Қоқыс үйінділері  күн санап өсіп, күн жылынған сайын жағымсыз иісі тарап жатыр.

Былғары зауыты ауданы тұрғындары мына өздері үйген қоқыс үшін наразы. 31 наурыздан бері мұнда қоқыс шығарылмаған.  Екі аптаның ішінде облыс орталығының бұл ауданы нағыз қоқыс полигонына айналды. Күн жылынған сайын тұрмыстық қалдықтардың жағымсыз иісі де күшейе береді.  Қызмет көрсеткен «Коммунхоз» компаниясы  контейнерлерін алып кетіп,  келісім шарттан бас тартып отыр.   

ИРИНА ЖАРКОВА,  БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен бұл  ауданда 1,5 жыл тұрып келемін.  Қоқыс шығарғандары үшін әр отбасы мүшесіне айына 250 теңге төлеп отырдым.  Қазір контейнерлер жоқ. Амалсыздан осы жерге қоқыс тастаймыз. Коммунхозға да, әкімдікке де хабарластық. Сәуірдің 5-не дейін мәселені шешеміз деп еді. Содан тағы 10 күн өтті. Нәтиже жоқ.

Қалада қоқыс шығарумен 4 компания айналысады. Алайда еш қайсысы Былғары зауыты кентінің тұрғындарымен келісімге отырғысы келмейтін көрінеді.

ЖОМАРТ АБЫЛАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Осында 2400 адам тұрады. Соның тек 1040-ы ғана ақша төлеп отырды. Бүгінге дейін жиналған қарыздарының сомасы 376 мың теңге. Қоқыс шығару компаниялармен жиналыс өткізіп, оларға осы кентте қызмет көрсетуді ұсындық. Алайда ешқайсысы олармен шарт жасағысы келмейді.

Эколог мамандар, мәселе шешілмесе  бұл аудандағы жағдайдың ушығатынын айтып, алаңдап отыр. Бүгін облыс аумағында заңсыз құрылған 600-ге жуық полигон бар екен.   

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...