ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

БЫЛТЫР 766 ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

17:19, 7 сәуір 2021

Былтыр облыс орталығының 766 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Ал кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен 589 отбасы қамтамасыз етілді. Бұл азық-түлік пен тұрмыстық химиясы бар пакет 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары барларға беріледі. Мемлекеттен көмек қандай жағдайда беріледі? Әріптесім әзірлеген сюжетке зер салайық

Атаулы әлеуметтік көмек 2002 жылдан бері көмекке мұқтаж жандарға беріліп келеді. Ол отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 21 мың теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Жиынтық табысты есептеу кезінде көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен «Күміс алқа» жәрдемақысы есептелмейді. Жиынтық табысқа: жалақы, қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс, алименттер, ата-анасының мүгедектігі бойынша жәрдемақы кіреді

СЕРІКЖАН ИСЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

- Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, болмаса ауылдық жерлерде әкімдіктерге жүгінуі тиіс. Ол жерде өтініш толтырады. Құжатта отбасы жайлы толық ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш беруші уәкілетті органның тексеріс жүргізуіне келісім береді. Жұмыспен қамту орталығы e-halyk ақпараттық жүйесі арқылы азаматтардың табыс көзі туралы деректерді анықтайды.

Ал, кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты беріледі. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік пен тұрмыстық химия тиесілі. Түрлі жарма, пюре, шырын -  темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың қажеттілігі ескеріледі. Мұндай пакеттерді балалар ай сайын алып отырады. Тіс пастасы, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тоқсанда бір рет ұсынылады. Әр балаға бір пакеттен беріледі. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға ыстық тамақ, мектеп киімі мен оқу құралдары, жол жүру шығындарына қажет қаражат беріледі.

БАҚЫТЖАН РАМАЗАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша қолдау ретінде 2020 жылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия жиынтықтарын ұсынудан көрінетін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті ұсыну көзделген. 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек 766 отбасына тағайындалды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді тағайындау 589 отбасын қамтыды.

Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмекпен 654, кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен 589 отбасы қамтылды.  

Майгүл Сейілбек

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
20:37, 19 сәуір 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІН 12 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:35, 19 сәуір 2021
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІН 12 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...