ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ДАЛА ЖӘНЕ ОРМАН ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ

20:30, 9 маусым 2022

Қызылжар ауданы, Вагулино ауылының маңында дала және орман өртінің алдын алу мақсатында құтқарушылар үшін оқу-жаттығу өтті. Іс-шараға солтүстікқазақстандық өртсөндірушілер ғана емес сондай-ақ шекаралас Ресей мемлекетінің мамандары да қатысты. Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнематериалында.

 Оқу-жаттығу іс-шарасына жергілікті мамандардан басқа Түмен жәе Қорған облыстарының өрт сөндірушілері де қатысты. Елімізбен Түмен облысының ғана 3 муниципалдық ауданы шектеседі. Яғни өрт шыққан жағдайда оны ушықтырмай бірлесе ғана сөндіруге болады.  Мұндайда өртпен күреске Ресей мемлекетінің 200-ден астам маманы мен 110 техникасы жұмылдырылады. Көрші ел мамандарының сөзінше жыл басынан шекарада табиғи өрттер тіркелмеген. Ал, мұндай оқу-жаттығулар өз кезегінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

АРТУР ХАЧАТРЯН, ТҮМЕН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША РЕСЕЙ ТЖМ БАС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі күнде екі елде дала және орман өртінің пайда болу қаупі жоғары. Сол себепті мұндай оқу-жаттығу мамандарымызға өзара тәжірибе алмасып, тілсіз жаумен күресу кезінде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісу мүмкіндігін береді. Көрші болғандықтан қарым-қатынасымыз жақсы сондықтан кез-келген уақытта бір-бірімізге көмек қолын созуға дайынбыз.

Жалпы, жыл басынан СҚ аумағында 24 орман өрті тіркелді. Мамандардың сөзінше жасыл желектерді жалынның шарпуына басты себеп ауа-райының қолайсыздығы.Соған қарамастан, құтқарушылар кез-келген қауіптің алдын алуға сақадай сай.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫ:

- Ресей Федерациясымен орманды дала шекарасының жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асады. Арамыздағы өзара қарым-қатынас шекара маңы ынтымақтастығы форумы аясында екі мемлекет басшылары қол қойған құжаттың негізінде жүзеге асырылады.

 Оқу-жаттығуға Солтүстік Қазақстан, Түмен және Қорған облыстарынан келген 80-нен аса құтқарушы қатысты. Сондай-ақ екі мемлекеттің 25 технкиасы көрмеге қойылды. Құтқарушылардың табиғи апатпен күреске деген дайындықтарына обылс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев өзіінң оң бағасын берді.

СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Табиға апат әсіресе дала және орман өрті мемлекеттерді таңдамайды. Ал, жасыл желекті сақтап қалу баршамызға ортақ міндет. Сол себепті бүгінгі бас қосу игі дәстүрге айналса екен деймін. Себебі қиын сәтте бас біріктірсек кез-келген апатты жеңеріміз сөзсіз.  

Іс-шара барысында екі елдің құтқаруышлары сценарий бойынша дала және орман өртін ауыздықтап, жарақат алған адамдарды құтқарып оларға алғашқы көмек көрсетулері тиіс.

Шара соңында Түмен,Қорған және Солтүстікқазақстандық өрт сөндірушілер Қызылжар ауданы әкімінің және ТЖД-нің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар