ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

ДЕПУТАТТАР БІР МӘМІЛЕГЕ КЕЛЕ АЛМАДЫ

17:22, 16 қазан 2020

Баяғы жартас сол жартас. Қоғамдық көлік қызметіне енгізілетін дифференциалды тариф мәселесі шешілмей отыр. Петропавл қалалық мәслихаттың 47-ші кезектен тыс сессиясында депутаттар бір мәмлеге келе алмады. Салдарынан желтоқсан айында барлық қалалық автобустарды электронды билет жүйесіне көшіру мәселесі шешілмеді. Тілшіміз толықтырсын

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында алдымен 2020-2022 жылдарға шаһар бюджетінде қарастырылған қаржы нақтыланды. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі, жергілікті қазынадағы қаражат қайда және қалай жұмсалғанын айтты.     

ЖАНБОЛАТ БАТЫРБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жалпы облыстан бөлінген, аударылған трансферттердің 1 млрд 421 млн теңгесін үнемдей алдық. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына келер болсақ, 498 млн теңге кәріз коллекторының жобалық-сметалық құжаты жасалды. Ол Жуков көшесі бойында салынады. Парковая, 57 көшесіндегі ғимаратты қайта қалыпқа келтіруге 1,9 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, кей нысандарды жыл басында толығымен жөндеу қажет деп белгілесек. Қазіргі уақытта, ақшаны үнемдеп, тек қажетті жұмыстарды жүргіздік.

Мұны халық қалаулылар бірауыздан қолдап, қаражаттың тиісті деңгейде жұмсалғанын құптады. Жиында қоғамдық көлікті электронды билетке көшіру жайы да айтылды. Тың жүйенің іске қосылуымен тұрғындар дифференциалды тариф негізінде жолақы төлеуі қажет.

БАҚЫТ ІЛИЯСОВ, ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Электронды билет негізінде жолақы бағасы 80, балаларға 40 теңге болмақ. Ал қолма-қол төлем 130, мектеп жасындағылар 65 теңге төлемек. Бұл жүйе қалалықтарды карточка арқылы есеп айырысуға көшіреді. Дифференциалды тарифті желтоқсаннан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз. 1 ай бойы тың жоба пилоттық режимде жұмыс істесе, 2021 жылы толыққанды қолданысқа енгізіледі.

Депутаттардың арасында дифференциалды тарифке қарсылық танытқандар да табылды. Павел Афанасьев қолма-қол төлемнің бағасы тым қымбат деп отыр.  Халық қалаулысының пікірінше, электронды билетке көшпес бұрын прокуратура мен тұтынушылардың құқығын қорғау органы өкілдерінің пікірлерін білу қажет.  Нәтижесінде бұл сұрақ келер ссессияның отырысына  қалдырылды.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН
20:40, 3 тамыз 2021
ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН
Толығырақ...
«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
20:35, 2 тамыз 2021
«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...