Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызған. Күн райының қолайлы болуына орай, аграрийлер дәнді дақылдарды егуге 17 мамырда, майлы дақылдар бойынша жұмысты 13 мамырда бастауДЫ ЖОСПАРЛАҒАН. Биыл шаруалар 4,3 млн. га жерге егін екпек. Оның ішінде: дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар - 3 млн. га, майлы дақылдар - 1 млн. га, азықтық дақылдар - 332,3 мың га, картоп-32 мың га, көкөністер-6,2 мың га.
Әртараптандыру аясында жасымықтың егіс алқаптары 50,1 мың га дейін, күнбағыс 103,3 мың га дейін ұлғайды. Биыл тұқым қоры да жеткілікті, 453,7 мың тонна тұқым себілді. Техника 100% дайын. Егіс науқанына 12 мыңнан астам трактор, 15 мың астық сепкіш, мыңнан астам заманауи өнімділігі жоғары егіс кешендері қолданылмақ.